Ақша жинағаны үшін жауапкершілікке тартылды
ШҚО Көкпекті ауданының Ж.Болғанбаев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысының ата-анасы С. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментіне сынып жетекшісі К. оқушылардан 2018 жылдың қазан айында жалюзи алуға 1000 теңгеден жинап алғандығын хабарлады. Оқушылардың ата-аналары бұл жағдай жайында бейхабар болған. 2019 жылдың сәуір айына дейін жалюзи орнатылмаған және оны сатып алғандығы жайлы сынып жетекшісі тауарлық чек те көрсете алмаған.
Аталған мәселеге Департамент араласқаннан кейін, сынып жетекшісі жалюзиді сатып алып, сынып бөлмесіне орналастырды. Сондай-ақ, ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және «Білім туралы» Заңының 63-бабына сәйкес, оқушылардан ақша жинағаны үшін Сынып жетекшісіне «сөгіс», сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау жүргізбегені үшін аталған мектептің директорына «ескерту» жарияланды.
Мектепте осындай фактілер кездескен жағдайда Департаментке 87086042151 ватсап нөміріне немесе 8 7232 765126, 765117 нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
[xfvalue_img]
1 пікір