Ақмола облысында «Адал бол, жемқорлықтан ада бол!» инсталляциялар байқауы өтті
А.ж. қыркүйек айында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Адал бол, жемқорлықтан ада бол!» инсталляциялар байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру арқылы оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері мен әлеуеттерін ашу және оларды іске асыру үшін жағдай жасау.
Байқауға 34 жұмыс ұсынылды. Облыс мектептерінің оқушылары, «Адал ұрпақ» клубтарының мүшелері көлемді-кеңістіктік композициялар мен инсталляциялардың көрнекі құралдарын пайдаланып, талдамалық жұмыс жасады.
2018 жылдың 27 қазанында Көкшетау қаласында, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.
Жұмыстарды қарау барысында Сандықтау ауданы, Лесная орта мектебінің 5 сынып оқушысы Мухопадова Дарьяның шығармашылық жұмысы ең үздік болып танылды. Дарья Қазақстан картасының бейнесіне шырпылармен «коррупция» сөзін жазып, оны көрермендердің алдында жағып жіберді, сөйтіп, осы әлеуметтік келеңсіздікке өзінің наразылығын білдірді.
Екінші орынды «Жемқорлық толқыны бізге жетпейді!!!» тақырыбындағы инсталляциямен Зеренді ауданы Зеренді а. Балалар шығармашылық үйінің жанындағы «Адал ұрпақ» клубы иеленді.
Үшінші орын Жақсы ауданы, Жақсы а. №1орта мектебінің 11 сынып оқушысы Нұрланов Темірланға берілді.
Сонымен қатар, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының алғыс хаттарымен Біржан Сал ауданы, Макинка орта мектебінің 8 сынып оқушысы Амангелдінов Әділбек, Бұланды ауданы, Капитоновка орта мектебінің 11 сынып оқушысы Тертов Иван, Бурабай ауданы Щучье қаласының №4 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Мартыневская Виктория марапатталды.
Іс-шара «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының жас орындаушылары мен көркемөнер ұжымдары ұйымдастырған концерттік бағдарламамен аяқталды.
Ақмола облысының МҚІСЖҚА Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]