Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы басшысы сыбайлас жемқорлық үшін қомақты айыппұлға тартылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментімен бұрын Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Д. Байсариевқа және Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің кадр жұмысы бөлімінің бастығы Б. Омаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған болатын.
Алматы облысының Талдықорған қалалық соты үкімімен Д. Байсариев пара алуда кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 35 еселеген сомасы көлеміндегі 10,5 млн. теңге сома айыппұлға тартылды. Сондай-ақ ол азаматтық қорғау полковнигі атағынан айырылды.
Қылмыстың сыбайлас қатысушысы – Б. Омаров парақорлықта делдал болуда кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызмет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 10 еселеген сомасы көлеміндегі 3 млн. теңге сома айыппұлға тартылды. Сотталған сондай-ақ азаматтық қорғау подполковнигі атағынан айырылды.
ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі
[xfvalue_img]