«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ МЕН ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ БIРЕГЕЙ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ МЕН ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ БIРЕГЕЙ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

 «Самұрық-Қазына» АҚ мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру туралы бiрегей меморандум қабылдады. Құжатқа Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қол қойды.

Меморандум аясында тұрмысы нашар, көпбалалы немесе қиын жағдайға душар болған жанұяларға, қарттарға, мүгедектерге, ардагерлерге, кәмілетке толмаған балалар мен жастарға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында бірлесіп жұмыс атқарылады.

Атап айтқанда, тараптар Қазақстанда емделмейтін ауруларға душар болған кемінде 100 баланы шетелге жібереді, аутизм диагнозы бар кемінде 100 балаға медикаментсіз ем жасалуын қамтамасыз етеді, сал ауруына шалдыққан 1500 балаға медициналық реабилитация, және шалғайдағы елді мекендерде тұратын тағы 60 000 адамға медициналық көмек көрсетеді.

Бұған қоса, балалардың денсаулығын күшейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатымен кемінде 1500 баланы қамтитын аула клубтарын жетілдіру жалғастырылады, шалғай елді мекендерде тұратын 600 балаға Қазақстан бойынша экскурсия өткізіледі,  Ұлы отан соғысының 1400 ардагері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіліп, Қазақстан мен ТМД елдерінде темір жолмен тегін жүру ұсынылады, кем дегенде 40 әмбебап спорт және ойын алаңдары салынады.

Сонымен қатар, жасы 18-ге толмаған кемінде 30 бала мен жасөспірімнің интеллектуалдық, шығармашылық немесе спорт сайыстарына баруы үшін жол шығындарын көтеріп алу жоспарланған. Жоғарғы оқу орындарының 30 дарынды түлегін іріктеп алып дамыту, кемінде 60 түлекті өндіріс салаларын цифрландыру жобаларында тәлімгерлік бағдарламаға қабылдау және жұмысқа орналастыру қарастырылған.

Меморандум кем дегенде 50 коммерциялық емес ұйымның бастамаларына қаржылық және басқа да көмек көрсету арқылы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, мүгедектер ұйымдарын қолдау мақсатымен олар өндірген тауарларды ереже шеңберінде сатып алу мәселелелерін қамтиды.

«Бұл келісімге Елбасының «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты белсенді әлеуметтік саясатты қолдау және дамытуға арналған бағдарламасының шеңберінде қол қойылды. Меморандум әлеуметтік саланы дамыту, кей санаттағы азаматтардың тұрмыс деңгейін көтеру және әлеуметтік бастамаларды іске асыру мақсатымен күш-жігерімізді біріктіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев бұл бағыттағы бірлескен жұмыс әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа жолдарын ашатынын айтты.

«Халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының мәселелері, атап айтқанда, көпбалалы және тұрмысы нашар отбасыларды, жетім балаларды тұрғын үймен қамту – мемлекет пен бизнестің бірлесіп шешуін талап ететін өткір тақырып»,-деп қорытындылады министр.

«Самұрық-Қазына» холдингіне кіретін барлық компаниялардың атынан қайырымдылық қызметті атқаратын -  "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.  2019 жылы аталған қор жалпы құны 4,8 млрд.теңге болатын, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған 15 жобаны жүзеге асырып отыр. Сал ауруына шалдыққан 1170 балаға тегін оңалту курстары ұйымдастырылды. Мектеп жасындағы 9000-нан астам жасөспірім Қордың қолдауымен оқу және спорт үйірмелеріне тегін қатысып жүр.

 

«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ

Қоғаммен байланыс және маркетингтік

 коммуникациялар жөніндегі департаменті

 

Анықтама

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы - Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. «Самұрық-Қазына» өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $67 млрдты құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.

"Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан қайырымдылық қызметті жүргізетін оператор. "Samruk-Kazyna Trust" халық үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырады. Қор қызметі мемлекеттік органдар, ҚР Үкіметі, қоғамдық және әлеуметтік саясат саласындағы мамандардың қатысуымен жүзеге асырылады. Қор қайырымдылық бағдарламаларының операторлары – үкіметтік емес ұйымдар.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.