ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы орынбасарымен кездесті
ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Жидда қаласына (Сауд Аравиясы) жұмыс сапары шеңберінде Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Хамид Опелойрумен екіжақты келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында заманауи сын-қатерлер жарығында ислам әлемінде адам құқықтарын қорғау және аталмыш үдерісте ИЫҰ рөлінне қатысты өзекті мәселелері бойынша пікірлермен алмасты.
А. Шәкіров әңгімелесушісін өткен конституциялық реформаның, Қазақстан дамуының кең ауқымды бағдарламаларының мәні туралы, сондай-ақ Мемлекет басшысының алдағы сайлауына байланысты оқиғалар туралы хабардар етті.
Х. Опелойру Қазақстанның жанжақты жетістіктері мен ИЫҰ қызметі шеңберінде оның тиімді рөлін жоғары бағалады. Ол алдағы сайлауда қадағалаушы ретінде, сондай-ақ ү.ж. XII Астаналық экономикалық форум жұмысына ұйымның жоғары өкілдері қатысатынын растады.
Жидда қаласында қазақстандық Омбудсмен ИЫҰ Адам құқықтары жөніндегі Тәуелсіз тұрақты комиссиясының сессиясына қатысуда. Аталмыш орган Астана қаласында 2011 жылдың маусым айында ИЫҰ Сыртқы істер министрлері Кеңесінің 38-сессиясында құрылды.
Қазақстан Республикасындағы
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]