Астанада туристік индустрияны дамыту бойынша акселерация кеңесі өтті

Астанада туристік индустрияны дамыту бойынша акселерация кеңесі өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның қолдауымен туризм саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін тосқауылдарды анықтау және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша акселерация өткізді. Мемлекет пен бизнес өкілдерінің арасында өткен сындарлы диалог барысында шағын және орта бизнеске қатысты бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде мемлекеттік ұлттық табиғи парктер жерлерін пайдалану үшін ай сайынғы төлемдерді төмендету, несиелендіру мерзімдерін ұзарту және мемлекеттік қолдау шаралары, инфрақұрылым мен коммуникацияларға қолжетімділік талқыланды.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров өзінің құттықтау сөзінде Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің болжамдары бойынша туризм индустриясының жаһандық экономикаға қосқан үлесі 2024 жылы рекордтық көрсеткішке – 11,1 трлн АҚШ долларына жететінін атап өтті. Осы тұрғыда 2029 жылға қарай 150 млрд доллар инвестиция тарту міндетін іске асыру аясында экономиканың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде Қазақстанның туристік секторының әлеуетін тиімді ашудың маңыздылығы артып отыр. Тәсілдер мен реттеу стандарттарын жетілдіру саланы жаңғыртуға ғана емес, инвестиция ағынының артуына да ықпал етеді.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Әлихан Байдусенов «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-пен бірге туризм саласындағы инвестициялық жобаларды дамыту бойынша жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің, қаржы институттарының, квазимемлекеттік органдар мен бизнестің өкілдері, оның ішінде «PANA ASIA» ЖШС, «TÖR’RE» компаниялар тобы, «Қасқасу Резорт» ЖШС, «Vista lagom» ЖШС және басқалар қатысты.

Талқылау нәтижелері бойынша әзірленген ұсыныстар мен ұсынымдарды талдау және қажет болған жағдайда оларды ҚР Үкіметі жанындағы Инвестициялар жөніндегі штаб отырысында талқылауға енгізу жоспарлануда.

Акселерациялық кездесулердің мақсаты – инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға кедергі келтіретін кедергілерді анықтау және жою, елдегі инвестициялық ахуал мен бизнес жағдайын жақсарту. Бұл тәжірибе тиімді шешімдерді анықтау үшін мемлекеттік органдар мен жеке бизнес арасында өнімді диалог құруға ықпал етеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.