Сандуғаш Кенжебаева ҚДБ Басқармасы төрағасының орынбасары болып сайланды

Сандуғаш Кенжебаева ҚДБ Басқармасы төрағасының орынбасары болып сайланды

 

«Қазақстанның даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Басқармасы төрағасының орынбасары болып бұған дейін ҚДБ Басқарушы директоры қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева сайланды. Тиісті шешімді ағымдағы жылғы 10 сәуірде Банк Директорлар кеңесі қабылдады. С.Кенжебаева ҚДБ Басқармасының мүшесі ретінде осы атқарушы органның ағымдағы жылғы 16 сәуірдегі отырысында ұсынылды.

С.Кенжебаева жаңа лауазымында тәуекелдерді басқару, ақпараттық технологияларды, бизнес-процестерді дамыту, сондай-ақ әдіснама және модельдеу мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

С.Кенжебаева ҚДБ-да 2008 жылғы қаңтардан бастап жұмыс істейді, ол фронт-менеджер, кредиттік талдаушы, бас фронт-менеджер, Жобалау дирекциясы басшысының орынбасары, Жобалау дирекциясының басшысы, Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияның аға банкирі қызметтерін атқарды. 2017 жылғы қаңтарда С.Кенжебаева «Еуразиялық Даму банкі» АҚ-ға атқарушы директор позициясына шақырылды, ал 2017 жылғы желтоқсаннан бастап ҚДБ-ға Басқарушы директор лауазымына қайта оралды.

С.Кенжебаева 1975 жылғы 1 сәуірде туған. 1996 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін (ҚазЭУ, бұрынғы Халық шаруашылығы институты) («Қаржы және кредит» факультетін) «Банк ісін ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірді. Кәсіби қызметін «Тұранбанк» ААҚ-да тағлымданушы болып бастаған С.Кенжебаеваның банк саласында мол тәжірибесі бар. ҚДБ-ға келгенге дейін С.Кенжебаева 1997 – 2008 жылдар аралығындағы кезеңде ҚР Статистика агенттігінде, «Нұрбанк» АҚ-да, «Астана-Финанс» АҚ-да жұмыс істеді.

  

«Қазақстанның даму банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және  сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

 

 «Қазақстанның даму банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.