Дискриминацияға тосқауыл қою күні
Дискриминация ноль күні, яғни 1 наурызда біз әр адамның бақытты, әрі толықмәнді өмір сүру құқығын атап өтеміз.
Ноль Дискриминация күні адамдарға толеранттылық, мейірімділік, бейбітшілік пен жалпы өмірде өзгерістерге қалай қол жеткізуге болатыны туралы білулеріне көмектеседі. Бұл күн дискриминацияның барлық түріне тосқауыл қою мақсатындағы глобалды қозғалыс.
Мәселен, көптеген елдерде дискриминациялық заңдардың кесірінен, адамдар құқықтық теңсіздік, негізгі қызметтерге қол жеткізе алмау және негізсіз тыйымдар сынды кедергілерге тап болуда. Мұндай заңдар адамның құқығы мен еркіндігіне қол сұғу болып табылады. Сонымен қатар, әлемнің 20- дан астам елінде АИТВ жұқпасы бар адамдардың еркін жүріп тұруына шектеулер әлі де жалғасуда. Ал, 19 мемлекетте АИТВ жұқпасы бар әрбір бесінші адам медициналық көмекке жүгіне алмауда. Себебі, оларды ешбір жерде қабылдамайды. Нәсіліне, тіліне, діліне, өмір сүру салтына байланысты ешкімді алалауға, толыққанды өмір сүруіне, еркіндігіне шектеу қойылмауы тиіс. Сол себепті, дискриминацияны тоқтатып, дискриминациялық заңдарға өзгерістер енгізу барлығымыздың жауапкершілігіміз. Әрқайсымыздың дискриминацияны болдырмауға, қалыптасқан жағдайды өзгертуге аз да болсын үлес қосатын мүмкіндігіміз бар. "2019 жылдың Дискриминация ноль күні" кампаниясы адамдарды өз елдеріндегі дискриминациялық заңдарды болдырмауға шақырады.
Астана қ., ЖИТС орталығы
[xfvalue_img]