2018  жыл кәсіподақтардыңеңбеккерлерді қорғау шараларының белсенділігімен атап өтілді

2018 жыл кәсіподақтардыңеңбеккерлерді қорғау шараларының белсенділігімен атап өтілді

 

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитетінің отырысында 2018 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының Атқару комитетінің мәжілісінде Федерация төрағасының бірінші орынбасары Біржан Нұрымбетов өткен жылы Қазақстандағы кәсіподақтар ұйымдарының әлеуметттік әріптестерімен тиімді жұмысының арқасында әлеуметтік-еңбек саласында маңызды нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.

Қазақстанда өткен жылы ешқандай ірі еңбек жанжалдары, ереуілдер мен наразылық акциялары тіркелмеді.

Өндірістік жарақаттану деңгейі 7% төмендеді.

Әрекеттегі ұжымдық шарттар 16% көбейді.

«Еңбек шартын жасаңыздар!» акциясының аясындаеліміз бойынша 10 мыңнан астам жұмыс беруші 37 мың жұмысшымен еңбек келісім-шартын жасады.

 Барлық аймақтық кәсіподақ бірлестіктерінің базасында 17 «Татуласу орталығы» құрылып, барлығы 2140 процедур өткізілді, оның ішінде980 еңбек дауының 872-сі медиациялық келісім бойынша шешілді.

Кеңес барысында еңбек дауларын шешу және алдын-алу жөнінде салалық және  аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің атқарған шаралары тыңдалды.

 «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің  салалық кәсіподағына»солтүстік өңірдегі «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ  филиалының Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі қызметі толығымен жасақталмағаны туралыжұмысшылардан шағым түсірген. Аталған кәсіподақ жұмыс берушілермен  штаттық кестені қайта қарауды және қосымша 54 монтерді жұмысқа алу жөнінде  келіссөздер жүргізу  арқылы еңбек дауының алдын алып, шешімін тапты. Сонымен қатар теміржол жұмысшыларына жеңілдетілген бағамен көмірмен қамтамасыз ету мәселесі шешілген.

Қостанай облысының кәсіподақтар орталығының мәліметінше, «Қауіпсіз еңбек» аймақтық бағдарламасын жүзеге асыруда өндірісте зардап шеккендердің саны 2017 жылы 142 адам болса,  2018 жылы 112-ге дейін төмендеген, яғни 21 пайызды құрайды.

Осы бағытта дайындалғантәуекелКартасы кәсіпорындардағы еңбек жанжалдарының туындамауына септігін тизігіп отыр.

Астана және Жамбыл облысының кәсіподақ орталықтары «Еңбек шартын жасаңыз!» республикалық акциясының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Астана қаласы кәсіподақтар орталығы 2018 жылы әлеуметтік серіктестіктерімен бірлесіп қаланың 100-ге жуық ұйымын тексеріп, еңбек заңнамасы нормаларының 328 бұзылу фактісін анықтады, яғни 328 жұмысшы бейресми жұмыс атқарған. Сонымен қатар, акция аясындаәлеуметтік серіктестіктері E-hr электронды еңбек шартын енгізу жұмыстарын өткізді. Оның мақсаты еңбек шартын электронды түрде бекіту үрдісін заңнамалық реттеу және жеңілдету, нәтижесінде еңбек қатынастарын ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда елордада E-hr жүйесіне 237 ұйымды бағыттадық, 19 853 шарт енгізілген.

Акция барысындаЖамбыл облыстық кәсіподақтар орталығы әлеуметтік әріптестерімен бірлесе  бюджеттік емес жеке сектор, яғни құрылыс, сауда, қоғамдық тамақтану орындары мен ауыл шаруашылығы саласындағы еңбеккерлерге қажетті құқықтықкеңестер беріп,  барлығы 4249 адаммен еңбек шарттары жасалды.

ҚРКФ атқарушы органының мүшелері кәсіподақтар ұйымдарының әлеуметтік-еңбек мәселелерін талқылауда олардыңжұмыстарына оң баға берді. 

Бірақ ҚРКФ Атқару комитетінің мүшелері нақты сектордағы кәсіпорындардың қамтылуының аздығына алаңдаушылық білдірді.(7 пайыз).

Алаңдатарлық тағы бір мәселе қазіргі күні еліміздегі кәсіпорындардың еңбекақы қарызы 2 млрд.теңгені құрайды. Осыншама қарыздың 1,5 млрд  банкрот-кәсіпорындарға тиесілі.

Соған орай салалық және аумақтық бірлестіктерге 2019 жылы нақты сектордағы кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестерді құру тапсырылды.

Кәсіподақ ұйымдарына банкрот-кәсіпорындарды талдауын, еңбекақы қарызының өтелуіне өңірлік деңгейде ең алдымен бастамашыл болуы керектігі айтылды.

Сонымен бірге «Еңбек шартын жасаңыз!»акциясы аясында жұмысшылардың лайықты еңбек мәртебесін анықтау және еңбек қатынастарын заңдастыружұмыстарын жалғастыру ұсынылды.

Мәжіліс соңында Атқару комитетінің мүшелері кәсіподақ ұйымдарын кәсіподақ тапсырмаларын жүзеге асыруда өзара әрекеттестікте жұмыс істеуге шақырды.

 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар  федерациясының баспасөз қызметі.

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.