Маңғыстауда 250 бала Президент шыршасына қатысты.

Маңғыстауда 250 бала Президент шыршасына қатысты.

Ақтауда Президент Нұрсұлтан Назарбаев атынан өткізілген «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, туған жер!» Жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шара 250 ата-анасыз  қалған, аз қамтылған және отбасы үлгісіндегі  балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арнап ұйымдастырылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев балаларды келе жатқан Жаңа жыл меркесімен құттықтап, видео жолдау арнады.

«Мен сендерді және еліміздің барық өрендерін мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтамын. Бұл өздеріңнен жаңалықты күтетін, жаңа үміт сыйлайтын ерекше мейрам. Кез келген перзенттің аппақ көңілі бұл күні айтылатын ақжолтай тілектерінің орындалатынына сенеді. Шырша тойында өлең айтып, сыйлық алатын бүлдіршіннің қуанышынан артық ештеңе жоқ. Балалардың алаңсыз әрі бақытты өмір сүруі үшін біз барлық жағдайды жасап келеміз. Сондықтан бәрің де саналы тәрбие мен сапалы білім алуға ұмтылуларың керек. Бүгінде дүние жүзі тәуелсіз Қазақстанның жарқын жетістіктеріне құрметпен қарайды. Осындай мәртебелі мемлекетте, еркін елде өсіп жатқан сендер бақытты балаларсыңдар. Айналайын, балалар, «бетеге-жусан жер көркі, білімді ұл-қыз ел көркі», елімізге үлгі болатын өреннің болашағы зор екенін әрдайым естен шығармаңдар.Балдаурен балалықтың бақыты мен шаттығына бөленіп өсіп, өркендей беріңдер. Жаңа жылдарың құтты болсын!» - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов балаларды мерекемен құттықтап, Президент атынан сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар әр балаға Қазақстан Республикасы Президенті атынан Президенттің  балалық  шағы  туралы «Назарбаевтай  болғым келеді» кітабы сыйға тартылды.

«Біздер көк туы желбіреген  Тәуелсіз бақытты елде өмір сүріп жатырмыз. Бұл әрине бірінші Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің және халқымыздың бірлігі мен берекесінің арқасы. Сіздер ұлтын сүйетін, Отанын қорғайтын, ата-ананы сыйлайтын, ұстаздарын қадірлейтін, достықты бағалайтын, білімді  азаматқа лайық болуларыңыз керек! Сондықтан бәріңізді талмай ғылым мен білім алуға, ерінбей еңбек етуге шақырамын. Келешекте елімізге адал қызмет ететін жандар Сіздер!», - деді Ералы Тоғжанов.

Сонымен қатар Жаңа жылдық шырша қонақтары қысқы киім-кешек, тәтті сыйлықтар, телефондар сыйға алды. Балаларға арнап мерекелік дастаран жайылды. Одан соң президенттік шырша қонақтары Ақтаудың жаңа жағалауын аралап, мифтер алаңы мен Амфитеатрды тамашалады.

Республикалық және облыстық байқаулырдың жеңімпаздары атанған 15 бала «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру орталығы ұйымдастыратын жаңа жылдық мерекелік шараға шақытру алды.

 

Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.