«Майқайың-В» алтын өндіретін кен орнында тау-кен жұмыстары қалпына келді
Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде ҚРКФ баспасөз қызметі хабарлауынша, 10 желтоқсанда «Майқайың-В» кен орнында Павлодар облысы МКК Баянауыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Майқайың алтын» АҚ кәсіпорнының есеп айырысу шотын блоктау себепті тау-кен жұмыстары тоқтатылды. Даулы жағдайдың туындау себебі - камералдық бақылау барысында анықталған жер пайдалану салықтарын төлемеуге қатысты заңсыздықтардың алдын-алу туралы Баянауыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 12 хабарламасының қойылуы. «Майқайың алтын» АҚ басшылығы осы хабарламаларға қатысты сотта дауласты.
Кеннің барлық мүдделі жұмысшыларына кезекті ақылы еңбек демалысы берілді (890 жұмысшыдан 200-ге жуық адам).
Кеше таңертең есеп айырысу шоттары блокқа салынды. Графиктен тыс кеткендіктен жұмысшылардың келісімімен олар демалыстан шақырылып алынды. Ұсынылған демалысқа байланысты шипажайлық-курорттық емдеуге жолдамалар алып қойған жұмысшылар демалыстан шақырылмайды. Кен жұмысы қалпына келді.
Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі (Д.Айтжанова) жағдайды өз бақылауында ұстауда және кәсіпорын жұмысшыларының құқықтары мен мүдделерінің сақталуына қатысты БКҰ төрағасы Л.Новиковамен тұрақты байланыста болуда.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]