Шымкент қаласының болашақ даму жоспары
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму бойынша атқарылған жұмыстар туралы баспасөз конференциясында баян етті.
Осы жылдың 19 маусымында Елбасымыздың өзінің тарихи шешімімен Шымкент қаласына Республикалық мәртебені берді. Бұл маңызды шешімді қала халқы үлкен қуанышпен қабылдады. Елбасымыз жарлыққа қол қою рәсімінде Шымкент біздің елдің ғана емес, бүкіл орталық Азия өңіріндегі инвестициялар , технологиялар және ресурстарды тарататын жаңа орталығына айналады деп атап өтті. Бұл бізде қаланың ары қарай дамуын айқындап берді. 10 -шы айында Шымкент қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң өсімі қалыптасқанын айтқан қала басшысы өнеркәсіп өнімінің көлемі 383,6 млрд.теңгеге жетіп, өсім 104 пайызды құрағанын айтты.
Ал, ауыл шаруашылығының жалпы көлемі 23,3млрд.теңге құрап, өткен жылмен салыстырғанда 101,4 пайызға өсті, құрылыс жұмыстарының көлемі 189,6 млрд.теңгені құрап инвестиция көлемі 524 млрд.теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 2,8 есеге артқан. Бұдан басқа, пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 320,0 мың шаршы метрді құрап, өткен жылмен салыстырғанда 135,2 пайызға өскен. Қаланың даму потенциалын анықтау мақсатында Орта Азиядағы ірі қалалардың көрсеткіштеріне талдау жүргізе келе Шымкенттің даму көрсеткішін екі есеге көбейтуге болатынын атап өтті.
Мәселен, 2017 жылы Шымкенттің жалпы өңірлік өнім көлемі - 5,3 млрд. АҚШ долларын құраса, көршілес Ташкентте бұл көрсеткіш -7,6 млрд. долларына жеткен. Ал жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім Шымкентте 5572 доллар болса,Ташкент қаласында 3086 доллар, Бішкек 2626 доллар, Душанбеде 1875 құрап отыр. Яғни, Шымкент қаласы аталған көрсеткіш бойынша жоғары. Экономикалық индустрияландыру бойынша атқарылған жұмыстарды баяндаған Ғабидолла Әбдірахымов қаладағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен «Тассай» және «Оңтүстік» индустриялды аймақтарында 129 жоба іске асырылып жатқанын айтты. Бұл аймақтарға 142 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылып, 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.Осы тәжірбиені жалғастырып, алдағы 2 жылда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын 200 гектардан 500 гектарға үлкейтеміз және «Жұлдыз» жаңа индустриялды аймағын құрамыз. Нәтижесінде, жаңа 84 кәсіпорын ашылып,қалада өнеркәсіп оның көлемі 61 пайызға өсетін болады.
Елбасымыз өз жолдауында аграрлық секторда экономиканы жаңа драйверінде айналдыру қажеттілігін тапсырған болатын. Осыған байланысты Шымкентте агроиндустриялық аймағын құруды жоспарлап отырмыз. Ауызсумен 93% қамтылған. Бүкіл Шымкент қаласында тұратын тұрғындарды екі жылдың ішінде 100% ауыз сумен қамтитын боламыз. Шымкент қаласында 40 тан көп ауыл мекен қосылды. Электроэнергиясымен қала халқы 100% қамтылған болатын. Білім беру саласы бойынша айтатын болсам жыл басынан 2451 орынды 17 балабақша ашылып, мектепке дейінгі білім беру орталығы да көбейді. Сонымен қатар, білім саласындағы цифрландыру жүйесі сәтті жұзеге асып келеді. Мәселен «INDIGO» жобасын іске асыру нәтижесінде мектепке дейінгі барлық білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау процесі автоматтандырылған. Нәтижесінде балабақшаға кезекте тұрған балалар саны 2,5 есге азайып, балабақшаға қабылдауға қатысты арыз-шағымдар 80% төмендеген. Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау мен баланы басқа мектепке ауыстыру электронды түрде жүргізіледі.Сонымен қатар, мектептерде «I-mektep» электронды күнделік пен электронды журнал жүйелері және «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстары 100% енгізілген. Бұдан бөлек, мектептерде педагогикалық құрамды жасақтаудың автоматтандырылған «T-Hunter» жүйесі енгізіліп, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау арнайы веб-сайт арқылы онлайн жүргізіледі. Нәтижесінде, мектепке жұмысқа қабылдау туралы арыз-шағымдар 90% азайды, педагогикалық құрамның сапасы артты және сыбайлас жемқорлық тәуекелі азайды. Қалада 29 колледж, 28897 студент білім алу, оның 8470 студенті мемлекеттік білім алады. Денсаулық саласында биыл он айда өткен жылмен салыстырғанда өлім 10%ға азайған, нәрестелердің өлімі 5% төмендеді. Қан айналымы жүйесінің аурулары 17% азайды. Онкология аурулардың өлімі 5% төмендеді. Автоматты түрде дәрігерлер қабылдауда. Денсаулық сапасын арттыру бойынша бірқатар жобаларымыз бар. Атап айтқанда, шет елдердің тәжірбиесіне сәйкес отбасылық амбулатория орталықтарын көп қабатты үйлердің бірінші қабаттарынан ашылып жатыр. Мұндай отбасылық орталықтарда терапевт, көз дәрігері тағы да басқа мамандар толықтай болады. Ал ауруханаларға операция жасауға немесе халық жарақат алған кезде ғана бару қажет деп санаймыз. Жоспарда бір үлкен аурухана салуға жеке кәсіпкермен келісіп жұмыстар жүргізілуде. Жұмысқа кіру 29% артты. Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша, туған жер жобасы бойынша «Отау строй» деген үлкен кәсіпорын бар, соның басшылығы 110 орындық білім беру орталығы және 320 орындық балабақша пайдалануға берілді. Қазақстанның киелі жерлері жобасы бойынша қаланың тарихи мәдени ескерткіштерінің жетеуі републикалық, сегізі жергілікті киелі жерлерді тізіміне енді. Шымкент қаласының Юнесконың дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра тізіміне енгізу мақсатында ешкерткіштерін номинациаға жіберіп отырмыз.
Тарифтерге тоқталып кетсек, су жүйесі тарифтері 10% төмендеді,қуат жылу орталығы жылумен жабдықтау 4% төмендеді, электроқуат 3,5% төмендеді. Казтрансгаз комапниясы 3,3% төмендетті. Қаладағы көлік мәселелерін жаңартылуы шешілетін болады. Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» бойынша да қалада жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1 015 млн теңгеге 99 өтінім қабылданып,оның 51-і мақұлданған.Бұдан бөлек, «Баспана Ипотекалық Ұйым» акционерлік қоғамымен «7-20-25» бағдарламасын іске асыру бойынша ынтымақтастық меморандумы түзілген. Студент жастарды жатақханамен қамту бойынша жаңа типтегі 2 жатақхана (500 және 200 орындық) салу бойынша инвесторлармен келісім-шарт жасалса, «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының инвестициясы есебінен «Тұран» шағын ауданынан 5 мың орындық жатақхана салу үшін жер учаскесі рәсімделуде. Жыл соңына дейін 1 жоғарғы оқу орнында 500 орындық жатақхана құрылысы пайдалануға берілмек. Шымкент қаласы республиканың үшінші мегополисі ретінде қалыптасуы үшін «Shymkent City» жобасы іске асырылуда. Жоба шеңберінде 400 гектар аймақта 50 мың тұрғынға заманауи үйлер және ғимараттар, демалыс орындар, саябақ, ойын-сауық және сауда орталықтарын салу жоспарланып отыр. 2020 жылы Шымкент қаласында өтетін ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына орай, қаланың туристік және мәдени тартымдылығын арттыру мақсатында, қала келбетін жаңартатын жобалар туралы айтты. Ескі қалашық- «Цитадельді» қалпына келтіру және «Қошқар ата» өзені жағалауын көріктендіру жобалары іске асырылуда. Сонымен қатар, 1 желтоқсан күні жаңа Арбаттың ашылуы өтеді. Сонымен қатар «SCAT» компаниясының қаражаты есебінен жаңа терминал салу бойынша келісімге қол жеткізгенін мәлім етті. Ол жобаға «SCAT» авиа-компаниясы 50 млн.АҚШ доллары көлемінде инвестиция салады. Қала әкімдігі терминалды салу үшін 2,8 гектар жер учаскесін береді және терминалға баратын жол мен авто-тұрақ салады. 29 қарашадан бастап «Шымкент-Дубай» бағытында тікелей әуе рейсі ашылады. Ал, «Шымкент-Қазан» бағытында әуе рейсі ашу жұмыстары жүргізілуде,-деді Ғ.Әбдірахымов. Шымкент қаласының әкімі азаматтық қабылдау күнін әр аптаның жұма күндеріне белгіледі. Бір айда бір күн азаматтарды қабылдау аз деп есептеді. Бірінші желтоқсаннан бастап әкімнің сайтына қабылдайтын күніне жазылуға болатынын айтты. Шымкент қаласында үлкен Happyland ашылатын болады. Автосалон Lexus Шымкент қаласында ашылып бір аптаның ішінде 11 автокөлік сатылды – деп баяндады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов БАҚ өкілдерінің сұрақтарына толықтай жауап беріп, БАҚ өкілдерін жауаптарымен қанағаттандырды. Шымкент қаласы бойынша Елбасы тапсырмасына сәйкес жұмыстардың толық түрде атқарылып жатқанын баяндады. Шымкент қаласын өркендетуге көп жаңа жобалар енгізіп жатқанын бүгінгі баяндамасында толықтай айтып кетті. Әр әкім облыстары Шымкент қаласының әкімі сияқты өз ойын толықтай айта біліп, БАҚ өкілдерімен сұқбаттасып, Шымкент қаласының өркедеуіне күш салып, жұмыс атқарып, халықтын жағдайына көңіл бөлсе, тыңдай алса Қазақстан Республикасының азаматтарының жағдайы едәуір жақсарып кететін еді.
Мадина Жатканбаева
[xfvalue_img]
17 пікір