Жыл басынан бері 70 000-нан аса елорда тұрғыны жоспарлы ем алды
Қазіргі уақытта азаматтар өз денсаулығын күтуде жауаптылық танытып, сырқаттың алдын алу, емделу барысында дәрігерлермен серіктесе іс-әрекет етсе, соғұрлым нәтижелі болмақ. МӘМС аясында сақтандырылған азаматтарға дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етумен қатар, амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық медициналық көмек, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, стационарды алмастыратын технологиялар, ұзақмерзімді медбикелік күтім көрсетіледі. Яғни, азаматтар ең алдымен амбулаториялық-емханалық көмек алады. Сондай-ақ, ауруханаларда жоспарлы түрде емделеді.
Жыл басынан бері, яғни өткен 10 айда ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалының медициналық қызмет жеткізушілерінің – Астана қаласындағы медициналық ұйымдардың стационарларында 178 441 науқасқа тегін медициналық қызмет көрсетілді. Олардың 74 244-і жоспарлы түрде ем алды.
Астана қаласы тұрғындары арасында көп кездесетін госпитальдық ауру-сырқаулар: қан айналымы жүйесі аурулары – 13 488, сүйек-буын жүйелері және дәнекер ұлпалар сырқаттары – 10 229, жаңа өскіндер сырқаты – 7 938, жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезең – 7 407. Стационарға жоспарлы түрде, сондай-ақ, жүйке жүйесі сырқатымен, көз ауруларымен, ас қорыту органдары және тыныс алу органдары ауруларымен жиі жатады.
"Әлеуметтік медициналалық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, тегін медициналық кепілдендірілген көмек көрсету көлемі тізбесінде болғандықтан жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылған науқас тегін ем алады.
Науқас адам ауруханаға жоспарлы түрде жатуы үшін, алдымен тіркелген мекен-жайы бойынша дәрігерге баруы тиіс. Дәрігерге жүгінген жағдайда емдеуші дәрігер оны қарап, ауруды нақтылау үшін қажетті зерттеулерді толық көлемде өту үшін жолдама жазып береді. Тексеру-зерттеу нәтижелерінен кейін, көрсетілімдер анықталған жағдайда ғана, жоспарлы түрде емдеуге жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылданады. Ал науқас адам медициналық ұйымды таңдауы тиіс. Және науқас өз таңдауын емдеуші дәрігермен келісуі қажет. Одан әрі әрігер жолдаманы рәсімдейді (науқастың медициналық ұйымды таңдау бойынша шешімі міндетті түрде ескеріледі). Жолдамада емдеуге жатқызу коды мен күні көрсетіледі. Осыдан кейін науқас туралы мәліметтер Емдеуге жатқызу бюросының порталында тіркеледі.
Ескеретін жайт, емдеуге жатқызуды күткен мерзімде науқас емдеуші дәрігердің бақылауында болуы тиіс. Науқасты үздіксіз бақылауда ұстау міндетті.
Созылмалы сырқаттың асқынуынан сақтану үшін аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстануы қажет. Жоғары қан қысымы болса бақылауда ұстап, қант мөлшерінің деңгейін үнемі тексеріп отырған дұрыс. Сондай-ақ, күнделікті дене шынықтырумен айналысып, зиянды әдеттерден аулақ болған абзал. Бұл өз кезегінде денсаулығыңыздың салауатты көрсеткішіне кепіл болады.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының тұрғындарды ақпараттандыру
және өтініштерді қарастыру бөлімі
[xfvalue_img]