БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «СӘТТІЛІК МАРАФОНЫНЫҢ» ҚОРЫТЫНДЫСЫ

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН «СӘТТІЛІК МАРАФОНЫНЫҢ» ҚОРЫТЫНДЫСЫ

22-24 қарашада Орал қаласында Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерлерге арналған бірегей жоба – «СӘТТІЛІК МАРАФОНЫ» жобасының биылғы соңғы кезеңі өтті. Жобаны ЕҚДБ-ның Қазақстандағы шағын бизнесті қолдау тобы мен Шелл Қазақстан компаниясы жүзеге асыруда. Жоба жаңа бастаған кәсіпкерлердің инновациялық, әрі бизнес идеяларын қолдауға және дамытуға бағытталған Shell LiveWIRE бағдарламасы аясында өтіп жатыр. 
Жоба кәсіпкерлердің басқару саласындағы білімі мен дағдысын дамытуға, жергілікті халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуіне ықпал етуге, бәсекелестік қабілетін, әлеуеті мен бизнес жүргізудегі тиімділігін көтеруге арналған. Жоба шеңберінде стартаптарға арналған инкубациялық, акселерациялық бағдарламалар жүзеге асырылып, кеңес берушілер мен тәлімгерлердің біліктілігін көтеру арқылы, кеңес беретін және тренинг өткізетін нарықтың дамуына жағдай жасалады. 
«Сәттілік марафоны» жобасының жаңа бастаған және бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкерлерге арналған форум түріндегі бірінші кезеңі 2018 жылы 13 қыркүйекте өтті. Жобаның екінші кезеңінде, белгілі бір талаптар бойынша іріктеу нәтижесінде жалпы саны 49 адамнан тұратын 2 топ құрылды. 
22 – 28 қазанда жоба қатысушылары кәсіпкерлік негіздері бойынша 3 күндік курстардан өтті. Тыңдағандардың барлығы тәлім беру сапасын, сабақтың мазмұнын және тәлімгерлер - Тимур Рахимжанов пен Тамара Роздобудьконың және  Татьяны Хасанованың жалпы жұмысын жоғары бағалады.  
Бағдарламаның трекер-коучинг үлгісінде қатысушыларды 6 апта бойы сүйемелдеген үшінші кезеңіне 10 жоба өтті. Қатысушылар өз жобаларының қиындықтарын сарапшылармен бірге талқылап, ары қарайғы қадамдарын жоспарлады. 
Осы кезең нәтижесінде Қайрат Жұмабаев пен Руслан Емрановтың жылдам тамақтану дүңгіршегін ашу идеясының сұлбасы жасалып: бизнесмендер дүңгіршекті қоятын жерді тапты да, тексеруші органдармен келісуді бастады. 
Дамира Аманова «Мандарин» деп аталатын балаларды дамыту орталығын ашу жөніндегі идеясын жетілдіру мүмкіндігіне ие болды. Тәлімгерлермен жұмыс істеу нәтижесінде жабдықтарды сатып алу және маркетингтік іс-шараларды жоспарлау жолында көптеген іс атқарылды. 
Жобаның келесі қатысушысы – Эльдар Өтегенов – трекингтік бағдарлама барысында тұлғалық өсу бойынша балаларға арналған тренингтерді ұйымдастыру туралы идеясын нақты бизнес-жоспарға айналдырып, оны жүзеге асыруды бастады. 
Әртүрлі тренингтер тақырыбы қазір өте өзекті болып тұр. Сол себепті белсенді тәлімгер, әрі кеңес беруші Жанар Қадырова мен Зульфия Бадеева ZBusiness PRO біріккен тренинг орталығын ашу үшін жоба барысында бірікті. Қазір олар қаржылық сауаттылық, әдеп, жеке коуч-сессиялар мен тағы басқаларға қатысты тренингтер өткізу сұрақтары бойынша әртүрлі ұйымдармен келіссөздер жүргізуді бастады. Сонымен қатар тренингтерді өткізу тақырыбын тағы бір қатысушы – Асқар Дендербай көтерді. Ол сатып алуды үйрететін және сүйемелдейтін «Tenderbay» оқу орталығын ашты. Қазір 34 тыңдарманға тегін шеберлік сабағы мен ақылы сабақ өткізіп үлгерді.  
Жанар Давлетова моделинг мектебін ашу бағытында тамаша алға жылжыды. Жобаға қатысу арқылы қаржылық бизнес-жоспарын толықтырып, ары қарайғы жұмыстарының жоспарын жасап алды. 
«Снабженец» Сауда фирмасы» ЖШС-нің негізін қалаған Ләззат Мұқашева жоба басталғанда, тек тіркелген заңды тұлға болғанын айтады. Тәлімгерлермен жұмыс істеу барысында оның ұйымы 4 жабдықтаушымен шарт жасап, құрылыс нысандарының белсенді базасын жасады және Ресейден тауар жеткізіп, компанияны дамытуға жаңа нарық тапты, 4 жабдықтаушының бірі – ресейлік ірі керамогранит өндіруші. «Тәлімгерлер - Татьяна мен Тимурдың жетекшілігімен өз бизнесімнің құрылымын жасап, қызметкерлердің функционалдық міндеттерін сипаттадым, қызметкерлердің санын анықтап, жаңа нарық таптым да, сонда жұмыс бастау үшін алғашқы қадамдарымды жасадым. Шығындарымды, табыстарымды, рентабельділігімді, өзіндік құн есебін түсінетін болдым», - дейді ол жоба туралы пікірінде. 
Жобаның тағы бір финалисті Елдос Иманмаликов өзі өндіретін органоминералды биотыңайтқыштар мен биотопырақ сатуды бастады. Жобаға қатысқан кезде ол, тауар қаптамасының дизайны мен материалын әзірлеп, өнімінің бөлшек сатылымын жолға қойып алды. 
Ағаш слэбтерден лофт үлгісіндегі үстелдер жасау жобасының авторы Айгуль Сибатова коуч-сессия нәтижесінде шикізат жабдықтаушыларын тауып алды, қазір ол, үдерсті іске қосуға дайын. 
Нугуманова Ару 2018 жылы 1 желтоқсанда «SaTa» дамыту орталығын ашуды жоспарлап отыр, жобаға қатысқанға дейін ол тек идеямен жүрген болатын. 
«Сәттілік марафоны» бағдарламасының соңғы кезеңі 2018 жылғы 22-24 қарашада өтті. Іс-шараға кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктердің, «Даму» қорының, «Атамекен» ҰКП, мемлекеттік органдардың өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Іс-шараға қатысушылар мен қонақтар алдында спикерлер шешендік өнері, тайм-менеджмент, сату көлемін арттыру үшін SMM-ді тиімді пайдалану тақырыптарында шеберлік сабақтарын өткізді. Жас кәсіпкерлер ықтимал инвесторлармен және қаржы институттарымен кездесіп, келіссөз өткізу мүмкіндіктеріне ие болды. 
Жобаның осы кезеңінің ерекшелігі – іс-шараны қатысушылардың өзі ұйымдастырғанында. Оларға осы мақсатта Шелл Қазақстан компаниясы мен ЕҚДБ қаражат бөлді. Жобаның үлгісі мен тақырыбын қатысушылар өздері белгіледі. Іс-шарада әр қаржыгер өз жобасын таныстырып, Марафон шеңберінде жүрген жолы туралы айтып берді.  

Анықтама: 
Жоба доноры
«Шелл» – энергетикалық және мұнай-химиялық компанияларды біріктіретін халықаралық концерн, штаб пәтері Нидерландыдағы Гаага қаласында орналасқан. 
Қазір Қазақстаналық және мұнай-химиялық компанияларды біріктіретін халықаралық концерн, штаб пәтері Нидерландыдағы Гаага қаласында орналасқан. а әр қаржыгер өз жобасыть процесс.   произвести поставку товара из России и определить новую нишу в развитлық телімін әзірлеу жөніндегі ӨБК (қатысу үлесі - 55%), Қарашығанақ кен орны өнімдерін бөлісу туралы соңғы келісім (қатысу үлесі - 29.25%) және Каспий Құбыр Консорциумы (қатысу үлесі - 7.4%).
Shell LiveWIRE бағдарламасы 35 жылдан астам уақыт «Шелл» компаниясының оперативтік бөлімшелері бар елдерде бизнестің дамуын қолдайды. Shell LiveWIRE бағдарламасы 18 қатысушы-елде кәсіпкерлерге өз идеяларын тұрақты табыс көзіне айналдырауға, жұмыс орындарын ашуға көмектесіп, жергілікті деңгейде экономикалық өсімді ынталандыра отырып, өз бизнесін бастауға көмектеседі. 
Толық ақпаратты келесі сайттардан алуға болады:
www.shell.com
www.shell-livewire.com
 
Жоба операторы
ЕҚДБ-ның «Шағын бизнеске кеңес» бағдарламасы шығындарды бөлу қағидаты негізінде отандық кеңесшілерді жұмылдыра отырып, кеңес беру қызметтерін алуда микро, шағын және орта кәсіпорындарға (МШОК) көмектеседі. 
Бизнестерінің көрсеткішін жақсартуда кәсіпорындарға тікелей көмек беру, ЕҚДБ операциялары елінде МШОК-ты қолдайтын өміршең әрі өзін-өзі ақтайтын инфра құрылымды құру мақсатында консалтинг нарығын дамыту жөніндегі жүйелі жұмыспен үйлеседі. 
2001 жылдан бері Жапония, Швейцария, Тайвань, АҚШ үкіметтері мен ЕҚДБ акционерлерінің арнайы қоры бағдарлама доноры болып келді. 2013 жылдан бастап негізгі донор – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі. 
 «Шелл Қазақстан» 2013 жылы Қазақстан Республикасындағы ерікті әлеуметтік инвестициялар аясында бағдарламаның жеке доноры болды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – аймақ экономикасын әртараптандыру, жергілікті халықтың мұнай-газ секторына тәуелділігін төмендету, жаңа ШОБ кәсіпорындарын құру және кәсіпкерлік дағдыларын үйрету. 

Байланысу көздері:
010000 Астана қаласы, Достық көшесі 2, “SAAD” БО, 10-қабат
Tел. +7 7172 554246

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.