Полиция көші қон қызметінің атқарылып жатқан жұмыстары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші – қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Галина Сарсенова мен Ырысбек Исатаевтың қатысуымен «Полиция көші қон қызметін оңтайландыруда» тақырыбы бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Г.Сәрсенованың айтуы бойынша брефингтің тақырыбы көші-қон қызметі көрсететін мемлекетті қызметкерді автоматтандыру және оңтайландыру. Сіздер білесіздер бұл мәселеге маңызды мән беріліп отыр. Ағымды жылда 5- ші қазанда ел басымыз өзінің жыл сайын Қазақстан халқына жолдауындағы басты бағыттардың бірі мемлекеттік қызметкерді көрсету , қызметкерлердің халықпен тікелей байланысын төмендеу қажет деп көрсетілген болатын . Бұл міндет бүгінгі күнде жұмыс жүргізілуде. Ішкі істер министрлігі мемлекттік қызметкерлерді едәуір автоматтандыру, оларды азаматтарға арнаған үкіметтегі мемлекеттік корпорация арқылы көрсету бойынша жоспарлы түрде жұмыстарды жүргізіп жатыр.Бұл ретте оларды электрондық үкімет порталы арқылы алу көзделеді, сондай- ақ талап етілетін құжаттар мен қызмет көрсету мерзімдері оңтайландыруда. Көбіне мекенжай анықтамаларын, паспорттары мен жеке куәліктері беру, Қазақстан Республикасының азаматын тұрғылықты немесе уақытша болу орны бойынша тіркеу, сондай- ақ Қазақстанға жеке және іс бабымен жұмысқа, оқуға туристік мақсатпен келген шетелдіктерді тіркеу қызметтері көрсетіледі. Сондай - ақ электронды порталға жүйенбесе, онда тікелей халыққа қызмет көрсету орындарына жүктелуге болады. Көшіп - қон сайтына да жүктелсе болады. Осы ағымнан бастап құжаттарды дайындау Республика бойынша Алматы, Шымкет,Ақтөбе және Астана қалаларында жасалатын болады. Құжаттарды жеткізу тиімдірек болады. Бұрын әр азамат өзінің тұрғылықты жерінде ғана құжаттарын алса, әлде құжаттарын жоғалтқан күнде; енді қазіргі уақытта қай өңірде болсаңызда сол жердің тұрақты өкілдеріне жүктенсеңіз болады. Бүгінгі азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы көші қон қызметі 5 мемлекттік қызметті алуға және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 11 қызмет алуға болады. Ағымдағы жылы көші- қон қызметі 10 арнайы орталығы ашылды. Бұл шетелдіктерді бір жерден жұмысқа рұқсатты ресімдеуіне мүмкіндік ашылды (бұрын 7 әртүрлі ұйымдарға бару қажет болатын ). Бұл қызмет көрсету уақытын 5 күннен біірнеше сағатқа дейін қысқартуға және шетелдіктердің полиция қызметкерлерімен тікелей байланысуын жоюға мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін осындай орталықтарды еліміздің барлық өңірлерінде ашу жоспарлануда.
БАҚ өкілдерінің сұрағы : Оралман куәлігінің мерзімі біткен этникалық қазақтардың мәселесі қалай болмақ? Олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға мүмкіндік бар ма ?
Ырысбек Исатаевтың айтуы бойынша – Оралмандардың мәселесі ең маңыздысы этникалық қазақтар біздің қандастарымыз болған мен заң бойынша олар шет елдің азаматтары болып саналады. Бүгінгі күні этниқалық қазақтардың жағдайын жеңілдету үшін, қарастырылып жатқан заң жобасы шеңберінде заңнамаға тиісті керек өзгерістер енгізілуі туралы мәселелер қарастырылып жатыр. Сол заң жобасы қарастырылғаннан кейін, оралмандардың сұрақтары шешіледі деп ойлаймыз.
БАҚ өкілдерінің сұрағы : Қазақстанға Өзбекістан, Қырғызстаннан келген азаматтар миграциялық карта алады да, 3 ай немесе 6 ай жұмыс жасайды. Олар кімде, қандай жағдайда жұмыс істейтіні оны ешкім білмейді. Жұмыс берушімен келісіп, жалақысын алады. Олар қандай да бір оқиғаға ұшыраса, мүгедек болып қалса оны кім, қалай төлейтіні де белгісіз. Осығын қатысты қандай да бір жұмыстар жүргізілуде ме?
Ырысбек Исатаевтың айтуы бойынша-Қырғызстанмен халықаралық келісім шартқа қол қойылған. Қырғызстан азаматтарына 90 күнге дейін жұмыс мерзімі сақталады. Жиынның басында айтылған еңбек мигранттары бойынша, оралмандар бойынша қазіргі таңда заң жоба қарастырылып жатыр. Заң жоба қабылданса шешіледі дейміз.
БАҚ өкілдерінің сұрағы : Бұрындары оралмандар Қазақстанның азаматтығын алған кезде Ішкі істер миграциялық бөліміне шетелдік паспорттарын тапрсыратын. Миграциялық бөлім өздері сол елдің елшілігіне паспорттарды өткізетін. Қазіргі уақытта Қазақстанның азаматтығын алған азамат өздері сол елдің елшілігіне апарады, Әсіресе Қытай елшілігінде қиындықтар туғызып отыр. Ішкі істер министрлігі қайтадан өз құзіретіне алуға, заңды түрде қайта қарастыруға мүмкіншіліктері бар ма?
Галина Сарсенова айтуы- Бұл сұрағыныз қазіргі таңда қарастырылуда. Қазір халықаралық келісім шартқа отыру үшін келісім сөздер жүргізіліп жатыр.Осы мәселелердің шешілуіне.
БАҚ өкілдерінің сұрағы : Құжаттардың дайын болуына 5 күн уақыт кетеді. Тез арада төл құжаттар керек болып қалған жағдайда бір күн ішінде Ішкі істер көші қон қызметтерінен тікелей алуға болады ма?
Галина Сарсенова айтуы- Алдында айтып кеткендей қазіргі таңда Республикамызда 4 аймақта құжаттарды дайындау орындары ашылған сол арадан бір немесе екі күнде алуға болады.
БАҚ өкілдерінің сұрағы : Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға шетелге шығуға жаңа паспорт алу керек деген мәселе қаншалықты шындылыққа ұласады? Егер бұл заң іске асатын болатын болса онда ата аналар жаңа жылға ескі әдіс бойынша құжат алады ма?
Галина Сарсенова айтуы- Шет мемлекеттердің сұранысы бойынша әр балаға паспорттың керектігі қажет болып тұр. Келесі жылдан бастап кәмелетке толмаған балалар паспорт алу керек деп заң қабылданған.
Ержан Жаубайдың сұрағы : Г. Сәрсенова, сіз негізі жаңа эфирде сөйлеген баяндамаңызда мемлекеттік тілде жасауыңыз керек еді. Себебі шеттен келген қандастарымыздың бәрі орыс тілін біле бермейді. Осы жиындарыңызды заң жобасын қабылданғаннан кейін өткізулеріңіз қажет еді. Қойылған сұрақтарға заң жобалары қарастырылады деген сөздеріңіз ешкімді қанағаттандырмайды. Ал сұрақ азаматтық ауылға қатысты қытайдағы жағдайды бәріңіз білесіздер, қытайдан келген азаматтарға азаматтық беру мәселесін тездетуге мүмкіндік бар ма сіздерде?
Ырысбек Исатаевтың айтуы бойынша-Оралмандардың сұрақтары біршіден оралмандардың куәлігінің мерзімін ұзарту, келген визаның мерзімін ұзарту,одан бөлек құқық бұзу туралы мерзімін қарастыру, басқа құжаттар заң жобасымен қарастырылады.
Галина Сарсенова – Ержан Жаубай, сіздің ескертуіңіз өте дұрыс келесі жолы қазақша тілінде дайындалып келемін. Қазақ тілін 3 айда уйренуге тырысамын деп жауап қатты.
Бүгінігі күнде шет елдегі этниқалық қазақтардың мәселесі бойынша көп сұрақтар талқыланды. Бұл біздің мемлекетімізде әлі күнге дейін шешілмей отырған мәселелер. Ішкі істер министрлігі Көші – қон қызметінің жауаптарына қарағанда осы мәселелер қарастырылып, шешілуі деген мәліметтер берді. Галина Сарсенова 3 айдан кейін брефингте Ержан Жаубаймен кездесіп қазақ тілінде жауап қататынын айтты.
Мадина Жатканбаева
[xfvalue_img]