«Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдары Республикалық форум бағдарламасы

«Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымдары Республикалық форум бағдарламасы

Форумның ашылуы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқыны Жолдауына арналған сессия. Панельдік сессияның отырысы «Партияшылық менеджмент» «Тиімді коммуникация» «Партиялық кадрлық резерв» «БПҰ КРІ» тақырыбында өтті. Форумның пленарлық отырысы «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсмі де өтті. Бүгін алғаш рет ұйымдастырылған «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумында қорытынды жиын өтіп, делегаттар пленарлық отырысқа қатысты.
 Іс-шара барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР Ұлттық эконмика министрі Сулейменов Тимур  Мұратұлы, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Аймағанбетов Асхат Канатұлы, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ақтаева Ляззат Мейрамқызы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нуржан Алтаев қатысуларымен өтті.  «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасы, партия Төрағасының құттықтау сөзін оқып, Мемлекет басшысының Форум қатысушыларына арнаған ыстық ықыласын жеткізді. Сондай-ақ бастауыш ұйымдардың төрағалары, белсенді партия мүшелері, мемлекеттік орган өкілдері мен Парламент депутаттары сөз алып, осындай ауқымды басқосудың маңызына тоқталып өтті. Одан бөлек, Форумда бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасы мақұлданып, алдағы басым бағыттар анықталды және «Үздік бастауыш партия ұйымдары» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

ҚР Ұлттық эконмика министрі Сулейменов Тимур  Мұратұлының қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын атап өтті.  Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру. Жалақы өсімі мен жаңа жұмыс орындарын ашу есебімен қазақстандықтардың табысын арттыру бойынша жасалатын шаралар кешенін атап берді. Бизнестің жол картасы- 2020 бағдарламасына оны 2025 жылға дейін ұзарту және жылына қосымша 30 млрд. теңгеден кем емес көлемде қаржыландыру қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізу, еркін нарық пен бәсекелесті дамыту, салықтың рақымшылық, көлеңкелі айналымды қысқарту бизнестің тұрақты өсімінің негізгі факторлары болуы тиіс. Қаржыландыруға қол жеткізу және банк жүйесінің тұрақтылығы мәселелері көз жеткізді.  2050 – жылға таман әлемнің дамыған 30  елінің қатарына қосылу. Халық үшін коммуналдық қызметтер мен жиналған 

қаржыны жұмсауға тариф қалыптастыру қағидатын айқын әрі анық ету. Монополистердің инвестициялық міндеттемелерін бақылау және тиімді мониторинг жүргізу. Бәсекелестікті қорғау бойынша функцияларды айтарлықтай күшейтіп, монополияға қарсы мекеме жұмысын реформалау. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың заң бұзушылықтар бойынша айыппұлды көбейте отырып 50 мың АЕК-не дейін қылмыстық жауапкершілікке тартуды қолдануды бастау. ҚР Ұлттық банкі- «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бағытының басты орындаушысы. Мемлекет басшысы анықтаған: жылдың 7%, 25 жылға, бастапқы жарнасы 20% жағдайында «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды көздеп отыр. Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту. Осы бағытта салық заңнамасының нормаларын өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланған.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ақтаева Ляззат Мейрамқызы,

қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын атап өтті. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруды басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медецина қызметкерлерінің жалақысын 20% -ға көтеру. Бұған 5млрд. теңге бөлінбек. Жалақыны арттыру жаңа жұмыс әдістерін оқыту шараларына қарай 10 мыңнан астам учаскелік дәрігер мен 30 мың медбикеге қатысы бар, бұл пайыздық көрсеткіш келесі жылдың соңына дейін 100% ға жеткізілмек. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханаларда құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшіру. Бұл қазірдің өзінде сынақ ретінде 92% ұйымдарда жүзеге асырылуда. Бұл 2020  жылға таман барлық халық үщін электронды денсаулық паспортын құрып, кезекке тұру мен бюрократияны жоюға, қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жергіліктті пунктерде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу. Тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын қоғамдық ұйымдарды күшейтіп, оларды белсенді пайдалану. 2019 жылы Астанада ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құрлысын бұған дейін ашылған кардиохирургиялық және нейрохирургиялық кластер тәжирбиесін пайдалана отырып бастау.   

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Аймағанбетов Асхат Канатұлы

қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын атап өтті.  Балабақшалардың тәрбиешілері мен өзге де қызметкерлердің жалақы жүйесін, оқыту әдістерін, біліктілік тараптарын қайта қарастыру керек. Мектептегі психологтардың жалақысын көтерілуі туралы қарастыруда. Мектеп психолгтардың жұмысын күшейту. 2019-2020  жылдарға арналған республикалық бюджеттен қосымша 50 млрд.тенге бөлу үшін аймақтарда оқушы орындары жетіспеушілігі басым және үш аусым оқитын, сонымен қатар апатты жағдайда тұрған мектептерді анықтап, тізімін жасау.Мемлекттік мектептерге Назарбаев интеллектуалдық мектептердің оқыту әдістері мен жүйесін енгізу. Оқушы мен мұғалімге жүктемені азайту бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейне бақылау жүйесімен жарақтандыру талаптары мен стандарттарын жасау. Назарбаев Университеті тәжірбиесіне сүйене отырып шетелдік үздік топ-менеджерлерді жұмысқа тартып, әлемнің жетекші университеттерімен серіктестікті дамыту. Президенттің бес әлеуметтік бастамасы шеңберінде 2022 жылдың соңына дейін 75 мыңнан астам орынға арналған жаңа студенттік жатақханалар салынатын болады. Студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту.

         ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нуржан Алтаев қатысуымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын атап өтті.  2019  жылдың 1қаңтарынан бастап ЕТЖ- ны 1.5 есе өсіріп,28-ден  42 мың теңгеге жеткізу. 2019-2021 жылдар аралығында бюджеттік ұйымдар жұмысшылардың табысын орташа есеппен 35% ға өсіру. Жыл сайын соған  96 миллиард теңге бөлу керек. Бұл бюджеттік ұйымдардың 275 мың жұмысшысына қатысты болмақ. Бағдарлама мақсаты болып аймақтың кәсіпкерліктің тұрақты және теңдестірілген өсімін қамтамасыз ету, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған және жаңадан ашылған тұрақты жұмыс орындарын қолдау табылады. Жүзеге асырылған жылдар ішінде аймақтық бизнесті жаңа деңгейге көтеругеғ сондай-ақ мыңдаған жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берген тиімділіктің жоғарғы көрсеткіштеріне қол жеткізіледі. Қосымша 22мыңнан кем емес жаңа жұмыс орындарын ашуға. Жас мамандарды ауылдарда жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту.

        Әр аумақтан форумға келген қатысушылардан сұрақтар туындады. Психолог мамандарының жетіспеушіліктері, айлықтарының төмендігі туралы сұрақтар берілді. Қазіргі таңда жас мамандарының жұмыспен қамтылмауы, 7-20-25 бағдарламасы бойынша жастардың қаражаттары жетіспейтіндігі туралы сұрақтар қойылды.

Елбасы өзінің құттықтау сөзінде «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейлі белесіне орай өткізіліп отырған Бастауыш партия ұйымдары бірінші форумының ашылуымен құттықтап, бұл айтулы оқиға партияның ең басты ресурсы оның мүшелері, яғни Отанымыздың дамуына, өркендеп, гүлдене түсуіне елеулі үлес қосып келе жатқан қоғамның ең белсенді әрі жауапты өкілдері екенін көрсететінін атап өткен.

«Бүгінде біздің алдымызда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына қатарына енгізетін жаңа даму моделін қалыптастыру міндеті тұр. Мен биылғы Жолдауымда еліміздің даму деңгейі әрбір азаматымыздың әл-ауқатымен өлшенетінін атап өттім. «Нұр Отан» партиясы жетекші саяси күш ретінде дамудың локомотиві болып қана қоймай, сонымен бірге әр қазақстандықтың мемлекеттің әлеуметтік саясатының игілігін сезінуінің кепілі де болуы тиіс. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін партиямыздың өзі де жетіліп, заманауи үрдістер мен талаптарға сай жұмыс істеуге бейімделгені жөн», – делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Сондай-ақ партия Төрағасы Саяси кеңестің биылғы маусым айындағы кеңейтілген отырысында партияның жүйелі жаңғыру үдерісі басталғанына және оның басты бағыттарының бірі – бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру екеніне назар аударған.

«Бүгінгі басқосу партия қызметіне тың серпін беріп, жұмыс тәсілдерін жетілдіру жолындағы маңызды қадам болады деп сенемін. Тәжірибесі мол жергілікті саяси көшбасшылар жетекшілік етіп отырған бастауыш партия ұйымдары – кадрлық резервті қалыптастырудың негізгі көзі. Олар сондай-ақ азаматтармен және қоғамдық ұйымдармен ықпалдастық орнатудың да маңызды буыны болуға тиіс. Партиямыздың алдында тұрған жаңғыру үдерісін табысты жүзеге асыру – сіздердің күш-жігерлеріңізге тікелей байланысты. Баршаңызға ел игілігі мен халқымыздың әл-ауқатын арттыру жолында жаңа жетістіктер тілеймін», – делінген Елбасының құттықтауында.

Одан бөлек, жиында аталған Форумның партияның 20 жылдығына арналған шаралардың басы екені де айтылды.

– Өздеріңізге белгілі, келесі жылы партиямыздың мерейтойын атап өтеміз. Осы жылдар ішінде біздің партиямыз еліміздегі жетекші саяси ұйым ретінде қалыптасу жолынан сүрінбей өтті. Партия негізі қаланған күннен бастап экономикалық, әлеуметтік және саяси саладағы Елбасы саясатының басты әрі негізгі орындаушысы болып келеді. Содан бері біз барша қазақстандықтарды Президент реформаларын қолдауға жұмылдырып, ауқымды жұмыстарды атқардық деп айтуға толық негіз бар. Бұл істе бастауыш ұйымдарымыздың маңызы зор. Партиямыздың негізін дәл осы сіздер, яғни бастауыш ұйымдар құрап отыр. Біздің жеңістеріміз бен жетістіктеріміздің барлығы сіздердің ерен еңбектеріңіздің жемісі, – деді Мәулен Әшімбаев.

Бүгінде «Нұр Отанның» 17 – аймақтық және 230 аумақтық филиалы мен 6 мыңға жуық бастауыш партия ұйымы бар.

Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары жаһандық сын-қатерлерге лайықты төтеп беру мақсатында Елбасы нақты мақсат-міндеттерді айқындап бергенін, оларды нәтижелі жүзеге асыру үшін алдымен партияның өзі ХХІ ғасырдың барлық талаптарына сай, тиімді, жоғары технологиялы, инновацияға бейім, бәсекеге қабілетті саяси ұйым болуы тиіс екенін жеткізді.

Сондай-ақ ол осы мақсатта қолға алынған партия қызметін жаңғырту бастамасының алғашқы нәтижелеріне де назар аударды. Өткен маусым айында бастау алған партиялық жаңғыру аясында бүгінде елімізде жастарымыздың бағдарламалау, робот техникасы, 3D-модельдеу негіздерін жетік меңгеріп, осы салада терең білім алуына мүмкіндік беретін 761 ІТ-сынып ашылып, онда 22 мыңнан астам мектеп оқушысы білім алуда. Оның тең жартысының ауыл-аймақтарда ашылуы көңіл қуантады.

Одан бөлек, партияның бастамасымен еліміз бойынша 24 ІТ-орталық ашылып, онда 1600-ден астам азамат жаңа технологиялар бойынша білім алды. Басқа партиялық жобалар бойынша да айтарлықтай нақты нәтижелерге қол жеткізілген. Мәселен, ел көлемінде мектеп жанындағы 47 спорт алаңы жаңартылып, қайта жабдықталды. Кітапханалар базасында 120-ға жуық заманауи білім орталығы ашылды. Соның ішінде ауылдық жерлердегі кітапханаларды да ерекше атап өткен жөн. Жасотандық еріктілер ауыл балаларына ағылшын тілін үйрету үшін белсенді жұмыс істеуде. Мектеп асханаларын жаңғырту жобасы бойынша да тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

– Бұл жобалардың бәрі – Елбасымыздың интеллектуалды, дені сау және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру жолындағы игі бастамаларының лайықты жалғасы және ажырамас бір бөлігі, – деді Мәулен Әшімбаев.

Бұдан басқа, партия Төрағасының Бірінші орынбасары партияның Орталық аппараты мен барлық филиалдарының және бастауыш партия ұйымдарының алдында тұрған басым бағыттарға тоқталып өтті.

Біріншіден, Елбасы Жолдауының стратегиялық маңызын ескере отырып, «Нұр Отан» партиясы оның тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін негізгі күшке айналуы тиіс. Осы бағытта қоғамдық бақылау жұмыстарын күшейтіп, оның мәні мен маңызын әр қазақстандыққа жеткізуде белсенді әрекет етуіміз керек. Екіншіден, партияның кадрлық әлеуетін арттыру үшін бастауыш ұйымдардың белсенді мүшелері мен көшбасшыларының біліктілігін молынан пайдалануымыз керек. Партияның кадрлық резервін қалыптастыруда осы мәселені міндетті түрде ескерген жөн. Үшіншіден, бастауыш ұйымдарымыздың халықпен жұмыс тиімділігін одан әрі арттыру қажет. Ол үшін жетекшілердің өздері саяси тәжірибеге бай, идеология, менеджмент, психология сияқты салаларда сауатты болуы тиіс. Төртіншіден, бастауыш партия ұйымдарының материалдық-техникалық базасын күшейту керек. Бесіншіден, партия жұмысында цифрлық технологияларды кеңінен қолданып, «Цифрлы партия» жобасын жүзеге асыруда белсенді әрекет етуге тиіспіз. Алтыншыдан, белсенді азаматтар мен жастарды жұмылдыру арқылы партия жұмысын күшейтудің маңызы зор, – деді Мәулен Әшімбаев.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары осы басымдықтарды жүзеге асыру үшін барлық партия филиалдарының бастауыш ұйымдарға қолдау көрсетуін міндеттеп, алдағы уақытта бұл әрекет олардың жұмыс тиімділігін бағалауда ескерілетінін жеткізді.

Ерекше атап өтер жайт, Елбасы, партия Төрағасының бастамасымен бұдан былай бастауыш партия ұйымдарының Форумы дәстүрге айналып, екі жылда бір рет өткізіліп тұратын болды. Бұл партия жұмысына қатысты кез келген мәселені талқылап, пікір алмасуға мүмкіндік беретін жаңа алаң болмақ.

Іс-шара барысында Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің Бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Бақытжан Жұмағұлов, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Нұртай Сабильянов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова сөз алып, өз тараптарында атқарылған жұмыстар жайын баяндап берді.

Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру бағытында қолға алынған нақты жұмыстарға жан-жақты тоқталып өтті. Белсенді партия мүшелері мен әр өңірден келген бастауыш партия ұйымдарының басшылары да көтерілген мәселеге қатысты өзекті пікірлері мен ұтымды ойларын жеткізді.

Барлық ұсыныстар жиын кезінде қатысушылар тарапынан қолдап тапқан Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасында ескерілетін болады. Аталған тұжырымдамада ағымдағы жағдай мен бастауыш партия ұйымдарының даму барысы жан-жақты талданған. Сондай-ақ саяси партиялардың бастауыш ұйымдарының жұмысын ұйымдастырудағы халықаралық тәжірибелерге де назар аударылған. Ең бастысы, бұл құжатта бастауыш ұйымдардың жұмысын жетілдіру, сапалы партиялық актив пен кәсіби кадрлық резерв қалыптастыру, өзекті мәселелерді анықтау технологиялары мен оларды шешудің тиімді тетіктері, цифрлы технологиялар мен ақпараттық-коммуникациялық жұмысты жандандыру және бастауыш ұйымдардың басқару жүйесінде жаңа жұмыс форматтарын енгізудің ұтымды жолдары айқын көрсетілген.

Жиын соңында «Үздік бастауыш партия ұйымдары» республикалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

 Форумның бірінші жұмыс күнінде түрлі тақырыпта панельді сессиялар өтіп, партиялық жұмыстың халықаралық тәжірибесі, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі жұмыстың заманауи технологиялары, партиялық кадрлық резерв қалыптастыру, бастауыш ұйым жұмысын бағалау жүйесі және тағы басқа да көптеген мәселелер талқыланды.

Қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бейімделуді және ұлттық мүддені прагматизм қағидаттарына сәйкес ілгерілетуді талап етеді.

Біздің сыртқы саясатымыздың теңгерімділігі Қазақстан үшін практиқалық қызығушылық тудыратын және әлемдік істерде елеулі рөл ойнайтын, барлық мемлекеттермен болжамды және достық қарым-қатынастарды дамытуды білдіреді.

 

 Мадина Жатканбаева

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

25 пікір

  1. аватар
    Sheena 31 декабря 2023 12:46

    Good way of explaining, and fastidious article to get facts
    concerning my presentation topic, which i am going to deliver in college.


    My web-site Ima

  2. аватар
    Elba 12 сентября 2024 16:10

    егер сіз жүкті болмасаңыз, неге түсік
    түсіруді армандайды бейнелеу өнері сабақ жоспары балабақшада, бейнелеу
    өнері сабақ жоспары 1 сынып
    кожвендиспансер павлодар телефон,
    суворова 66 регистратура медициналық әлеуметтік сараптама презентация, әлеуметтік сараптама технологиясы

    My blog; биология дегеніміз

  3. аватар
    Tomas 15 сентября 2024 12:37

    арманымның әппақ құсы ардағым музыка скачать, арманымның аппақ құсы ардағым узбекский ауа райын болжау ырымдары,
    қазақ халқының ауа райын болжауы эссе жазу ертеде
    есімдік деген қария болыпты, есімдік сабақ тіл дамыту күнтізбелік жоспары билесинби сенин козундо сыйкырдуу, скачать песню
    кечинде кечинде ремикс

  4. аватар
    Nadia 16 сентября 2024 08:00

    озон селлер, озон глобал регистрация ой де ти йдеш, utopia
    world hotel официальный сайт xviii ғ қытай императоры бағындырған
    ел, қытай туралы мәлімет көксерек көркемдегіш құралдар, көксерек оқу

    Feel free to surf to my web blog :: жас
    ерекшелік психологиясы кітап скачать

  5. аватар
    Jade 18 сентября 2024 01:57

    живой йогурт фудмастер отзывы, фудмастер живой
    йогурт халяль ат туралы макал, жүйрік ат тұлпар жалғасы
    үйсіндер сұрақ жауап, қаңлылар туралы сұрақ жауап ототоксикалық әсер,
    антибиотиктер дәрілер

    Here is my webpage - баскетбол ойыны реферат

  6. аватар
    Iona 20 сентября 2024 08:30

    погода уил на месяц, погода в уиле
    на 3 дня текст ру количество символов, killer-antiplagiat.ru отзывы триумфальная арка в
    астане википедия, где находится триумфальная арка что дарят на тусау кесу, тусау кесер поздравления на русском

    Here is my web blog ... металлсервис прайс лист

  7. аватар
    Ebony 22 сентября 2024 21:32

    банкетный зал на 40 человек астана, банкетные залы астана
    на 100 человек приятные встречи с друзьями цитаты, цитаты про друзей смешные фотофосфорилирование происходит,
    фотолиз и фотофосфорилирование
    суды зарарсыздандыру әдістері, суды хлорлау үшін қандай заттар қолданылады

    My web page :: эссе жазу үлгісі мысал 9 сынып

  8. аватар
    Hattie 23 сентября 2024 20:42

    озон қабаты орналасқан қабат, озон қабатының маңызы ауыл партиясы шымкент, жсдп
    партия тіл туралы интеллектуалды
    ойындар, тіл туралы ашық сабақ признаки банкротства рк, процедура банкротства рк

    Here is my web site - федор федорович андро

  9. аватар
    Valeria 15 октября 2024 06:35

    стажировки для студентов за границей,
    стажировка за границей для взрослых ұлытауды туризм орталығына айналдыру
    эссе, ұлытау эссе қамбар батыр деген кім, қамбар
    батыр оғызнама жыры
    толық нұсқасы
    қысқаша мазмұны vivo v23, vivo v23
    5g

  10. аватар
    Cathy 15 октября 2024 09:43

    термометр электронный цена, электронный градусник цена в
    казахстане ер азамат қандай болу керек?, ер азамат туралы мақал ораза кезінде
    кірпік жалғауға болама, оразада маникюр болама
    трейдинг в казахстане, трейдинг платформы казахстан

    my web page; апталыққа
    тақырыптар бастауыш сынып

  11. аватар
    Minda 24 октября 2024 09:17

    как влюбить магией кто сейчас в космосе 2024, что сейчас делают космонавты на мкс описание человека по
    картам таро по дате рождения
    приснилось ударилась лбом датчик температуры
    дтс3015 рт1000 овен

    my site - втб
    онлайн

  12. аватар
    Jayson 26 октября 2024 21:10

    Howdy! I know this is kind of off topic but I was wondering which
    blog platform are you using for this site? I'm getting tired of Wordpress because I've had issues with hackers and
    I'm looking at alternatives for another platform. I would be
    great if you could point me in the direction of a good platform.



    Review my web page - balancebodyandsoul.com

  13. аватар
    Samara 16 ноября 2024 21:15

    спартак хоккей таблица, турнирная таблица хоккея қоныс той перевод
    на русский, қоныс тойға бата
    жалпы қалыптасу синдромы, жалпы қан анализі дегеніміз не өлім туралы өлең, өлім туралы мақал

    Have a look at my homepage: менің туған жерім эссе

  14. аватар
    Shad 17 ноября 2024 14:13

    биология 7 сынып электронды кітап казакстан дауысы 2021,
    qazaqstan.tv қазақстан дауысы тыныс алу жаттығулары презентация, тыныс алу жаттығулары пайдасы что такое круговорот воды
    в природе, мировой круговорот воды в природе

    My web blog ... санжар мадиев биография

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.