Алматыдағы ауруханаға 50 миллион теңгенің  медициналық жабдықтары сатып алынды

«Асыл бала» қоғамдық қоры Алматы қаласындағы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ-на жалпы құны шамамен 50 миллион теңге болатын соңғы үлгідегі медициналық жаңа жабдықтар сатып алды. Материалдық көмек «Ғұмыр үшін» жобасы аясында көрсетілді.

Құны 2 600 000 теңгені құраған sp 8800 автоматтық шприц сорғысы (5 дана), бағасы 28 080 000 теңге болатын Infusomat Space волюметриялық инфузия сорғысы (40 дана), құны 4 418 000 теңге тұратын iMEC  емделуші мониторы (5 дана) және құны 14 300 000 теңгені құрайтын өткір диализ үшін MultiFiltrate аппараты аурухананың балаларға арналған онкология және гематология бөлімшесіне жеткізілді.

Ультразаманауи медициналық жабдықтардың көмегімен дәрігерлер тиімділігі жоғары экстракорпоралды детоксикация процедураларын жүзеге асыра алады. Инфузия сорғыларының есебінен емделушілер (арнайы құрылғысыз есептеуге мүлдем келмейтін) химопрепараттарды нақты қажетті көлемде қабылдай алады.

«Біздің орталықтағы онкология бөлімшелерінде емдеу процедураларын жүргізу үшін дәл осы аппараттар өте қажет еді. Қазіргі уақытта инфузоматтар мен детоксикацияға процедураларын жүргізуге арналған жабдықтарды қолданысқа енгіздік. «Асыл бала» қоғамдық қорына уақытылы көрсетілген көмек үшін алғысымызды білдіреміз», - деді  қаласындағы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ директоры Риза Боранбаева.

Айта кетейік, «Асыл бала» қоғамдық қоры «Ғұмыр үшін», «Білім жолы» интеллектуалды марафоны», «Күн әлемі» оңалту орталығы» және «Балалар – біздің болашағымыз» жобалары аясында, қайырымдылық мақсатында обыр ауруына шалдыққан бүлдіршіндерге, Даун синдромына душар болған бөбектерге және зағип балаларды емдеуге атсалысады. Сондай-ақ, «UMC» КҚ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының төрт онлология бөлімшесіне қаржылай-материалдық көмек көрсетеді, білімдерін ерекше дамытуды қажет ететін дарынды балаларды  оқыту мен  олардың жан-жақты дамуына бағытталған жобаларға қаржылай қолдап келеді.

Одан өзге, «Асыл бала» қоғамдық қоры обырға шалдығып, еліміздің әр аймағынан Астана қаласына емделуге келген балалар мен олардың ата-анасын өз қарауындағы пансионатқа тегін жайғастырады және автокөлікпен қамтиды.

Байланыс үшін: 8 (7172) 504411, media.asylbala@gmail.com

Біздің реквизит:

БИН 150540010545

ИИК KZ0396503F0007568071

 "ForteBank" АҚ филиалы

БИК IRTYKZKA

КБЕ 18 КНП 119, қайырымдылық көмек

«Асыл бала» қоғамдық қорының  баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.