БІР АЙ ІШІНДЕ «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША НЕСИЕ ЕКІ ЕСЕГЕ ӨСКЕН

БІР АЙ ІШІНДЕ «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША НЕСИЕ ЕКІ ЕСЕГЕ ӨСКЕН

Орталық коммуникациялар қызметінде «7-20-25» бағдарл\амасының орындалу бойынша баспасөз маслихаты өтті.

2018 жылғы 11 қыркүйектегі жағдайға сәйкес «7-20-25» бағдарламасы (бұдан әрі - 7-20-25) бойынша тұрғындардан 27 млрд. теңгеге өтінімдер қабылданды. Олардың ішінде банктермен 18 млрд теңгеге жуық соманы беру мақұлданды. Тамызда мақұлданған несиелердің саны шілде айының көрсеткішінен екі есеге асты. 7-20-25-ке қатысушылар саны бойынша Алматы, Астана қалалары, сонымен қатар Маңғыстау облысы көш бастап келеді. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында несие беру қарқыны өсуде.    Бастапқы тұрғын үй бойынша ұсыныстарды ұлғайту мақсатында «Баспана» ипотекалық ұйымы (бұдан әрі - Баспана) 7-20-25 бойынша тұрғын үй құрылысы үшін  жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі - ЖАО) 150 млрд. теңге бөлу мүмкіндігін қарастыруда.  ЖАО – мен  бірге жас отбасылар мен бюджеттік сала қызметкерлері үшін 7-20-25 шеңберінде бастапқы жарнаны қысқарту бойынша жұмыс басталды. Баспанамен «Жас арман» және «Қамқор баспана» өнімдері әзірленді. ЖАО–мен жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға бастапқы жарнаны қысқарту үшін субсидия берілетін болады деп болжануда. Сонымен қатар, тізімдерді жасау, өнімге қатысу үшін азаматтарды іріктеуді әкімдіктер өздері жүргізеді. Қазіргі уақытта  Баспана Шымкент қаласы әкімдігімен бірге алғашқы  жобаны іске қосты. Жоба бойынша Шымкент әкімдігі 2 мыңға жуық тұрғынға қолдау көрсету үшін 2 млрд. теңге субсидия бөледі. Сондай-ақ, Ұлттық Банктің қаулысымен Шымкент қаласы үшін тұрғын үйдің ең жоғарғы құнының мөлшері 25 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды. 7-20-25-ке 11 қыркүйектен бастап Қазақстан Халық Банкі  және ForteBank қосылды. Осылайша, өтінімдерді 7 банк-серіктес қабылдайды: Бұлар: Центркредит банкі, АТФБанк, Цеснабанк, BankRBK, Евразиялық банк, Халық банкі және ForteBank. Екінші тұрғын үй нарығы объектілерін ипотекалық несиелендіру мақсатында Баспана «Баспана Хит» жаңа өнімін іске қосады. Бастапқы жарна - 20% құрайды, жылдық мөлшерлемесі - Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі + 1,75%. Несие мерзімі 15 жылға дейін.

Қазіргі уақытта Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі 9% құрайтынын ескере отырып, «Баспана Хит» өнімінің жылдық бағамы 10,75% көлеміне есептелген.

 

 

«Баспана»Ипотекалық ұйымы» АҚ

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.