«Азаматтарға арналған үкімет» жасанды интеллектіні пайдаланбақ
Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов клиентке бейімделуді арттыруға бағытталған жаңа әдістер мен құралдарды қолдану мен қызметтерді жаппай электрондық форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді.
Мәселен, 2018 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мынадай жобаларды енгізуді жоспарлауда:
- баланы тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметінің проактивті тәсілін (SMS арқылы) енгізу;
- Әділет министрлігі желісі бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласында проактивті принципін енгізу;
- республика бойынша әр облыс орталығында цифрлық ХҚО ашу;
- тағы екі көші-қон бойынша ХҚО ашу.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және бақылауды күшейту үшін Ахуалдық орталықты дамыту шеңберінде жасанды интеллект пен «Chat-bot» виртуалды кеңесшілерін енгізу жоспарланған.
«Мемлекеттік корпорация «Big data» деректерінің ауқымды көлемін жинап, оларды өңдеу және талдау арқылы мемлекеттік қызметтер мен оларды көрсету процестерін одан әрі жетілдіру мәселелерін қарастыратын болады», - деді А. Оспанов.
Озық цифрлық технологияларды қолдану шеңберінде азаматтың биометриялық деректері арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету жоспарланған. Бұл технология электрондық қызметтерді неғұрлым оңай алып, жеке деректердің қауіпсіздігін жоғары деңгейде сақтауды қамтамасыз етеді.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]