ШҚО-ның ҮРЖАР АУДАНЫНДА А ВИРУСТЫ ГЕПАТИТ АУРУЫНЫҢ 12 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

ШҚО-ның ҮРЖАР АУДАНЫНДА А ВИРУСТЫ ГЕПАТИТ АУРУЫНЫҢ 12 ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Шолпан ауылында 2017 жылы және 2018 жылдың өткен кезеңінде орта мектеп оқушылары арасында аурудың 12 жағдайы тіркелгенін, оның ішінде 11-і оқушы, 1-уі ұйымдастырылмаған бала екенін хабарлайды.

Стационарда ем қабылдаған 49 науқастың 12-сі А вирустық гепатиті диагнозымен, қалған 37-сі бауыр, өт жолдары және басқа да аурулар диагнозымен (эхинококкоз, дискинезия және т. б.) емделген.

2017 жылғы қыркүйектен бастап аурудың барлық жағдайлары әр түрлі айларда әр түрлі сыныптарда бірлі-жарым жағдайы тіркелген. А вирусты гепатитіне қарсы вакцинаға 144 бала жатқызылғанын, 140 балаға екпе егілгенін, оның ішінде 4 балаға ата-аналарының жазбаша түрде бас тартуы себебі бойынша екпе егілменін атап айту керек. Осы балалардың ата-аналарымен бірнеше рет әңгіме жүргізілгенін, бірақ олар екпе егуге келісім бермегенін ескеру керек.

Осылайша, барлық қарым қатынаста болғандарға апта сайынғы медициналық бақылау орнатылды. Құрамында педиатр, инфекционист, эпидемиолог дәрігері бар аудандық мамандар бригадасы қосымша аптасына бір рет шығады. Шолпан ауылында АВГ тірелуі жағдайына байланысты ауданның медициналық қызметі Үржар аудандық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының мамандарымен бірлесіп, эпидемияға қарсы және емдеу іс-шараларын жүргізуде.

АВГ барлық ошақтарына эпидемиологиялық тексеру және Шолпан ауылының дәрігерлік амбулаториясына, Жүзағаш орта мектебіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Обсервациялық бақылау мерзімі 2018 жылғы 12 ақпанға дейін ұзартылды.

Қазіргі уақытта мектепте ауыз суды пайдалануға тыйым салынды, мектеп оқушылары бөтелкедегі ауыз суды пайдаланады. Барлық бұқаралық мәдени-спорттық іс-шаралар тоқтатылды және оқытудың кабинеттік жүйесі орнатылды.

Сонымен қатар, ұйымдасқан (мектеп) және үй ошақтарынан 62 ауыз су сынамалары алынды. Мектепте, үй ошақтарында залалсыздандыру жұмыстары, мектептің сумен жабдықтау жүйесін жуу және дезинфекциялау, ошақтарда барлық су сақтайтын сыйымдылықтарды дезинфекциялау жүргізілді. Ауыз су сынамаларын қайта алу және кейіннен қайта алу кезіндегі нәтижесі теріс болды.

Мамандарға тәжірибелік көмек көрсету және өткізілетін іс-шаралардың сапасын бақылау мақсатында ШҚО бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандарының Үржар аудандық басқармасына шығуы ұйымдастырылды.

2017 жылы Шығыс Қазақстан облысының әртүрлі аудандарында А вирусты гепатитімен сырқаттанушылықтың 75 жағдайы тіркелді. Бұрынғы уақытқа қарағанда соңғы жылдары ШҚО-да А вирусты гепатитімен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалатынын статистика көрсетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, А гепатиті – А гепатиті вирусынан туындайтын бауыр ауруы. Аурудың көзі науқас адам болып табылады. Инфекция асқазан-ішек жолдары арқылы беріледі. Негізгі берілу факторы ең алдымен, ауыз су, сондай-ақ тамақ өнімдері, көкөністер мен жемістер болып табылады.

А гепатитінің алдын алудың негізгі әдістері – бұл мектепке дейінгі және білім беру мекемелеріндегі гигиеналық тәрбие мен оқыту, эпидемияға қатысты қауіпсіздікті

қамтамасыз ететін тамақ өнімдерінің сапасына, тамақтануды, сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтау.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.