Алаяқтар iPhone 18 ресми сатылымының алдында жалған интернет-дүкендер ашуда

Алаяқтар iPhone 18 ресми сатылымының алдында жалған интернет-дүкендер ашуда

Қауіп орыс тілді пайдаланушыларға да қатысты

iPhone 18 смартфондарының ресми сатылымы басталғаннан кейін Apple өнімдерінің жанкүйерлерімен қатар алаяқтар да белсенділігін арттырды. «Касперский зертханасының» сарапшылары жаңа смартфондарды жеңілдікпен сатып алуды ұсынатын жалған веб-сайттарды анықтады. Алаяқтық ресурстар әртүрлі тілдерде, соның ішінде орыс, ағылшын, португал және араб тілдерінде жасалған.

«Алдын ала төлеммен» смартфон. Орыс тіліндегі алаяқтық ресурстардың бірінде жаңа iPhone модельдерін басқа онлайн-платформаларға қарағанда төмен бағамен сатып алу ұсынылады. Сенім ұялату үшін сайттың дизайны Apple компаниясының ресми интернет-дүкеніне ұқсатып жасалған. Сайтта алаяқтар смартфон құнының 50%-ын алдын ала төлеуді, ал қалған соманы тауарды алғаннан кейін төлеуді ұсынады. Құрылғыны ресми сатылым басталғаннан кейін 7 күн ішінде жеткізуге уәде береді.

Алайда төлем жасау үшін алаяқтар әлеуетті сатып алушылардан Telegram аккаунты сияқты жеке байланыс деректерін беруді сұрайды. Кейін олар сатып алушылармен байланысып, сөйлесу барысында интернет-дүкеннен тыс жерде ақша аударуға тырысады. Осылайша пайдаланушылар ақшасынан ғана емес, кейінгі шабуылдарда пайдаланылуы мүмкін жеке деректерінен де айырылуы ықтимал.

Биткоинге смартфон. Тағы бір алаяқтық ресурс ағылшын тілінде жұмыс істейді. Онда пайдаланушыларға жаңа гаджеттерді 25%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып алу ұсынылады. Төлемді биткоин арқылы жасауға болады деген ұсыныс бар. Бұл сайттың интерфейсі де Apple компаниясының ресми интернет-дүкеніне ұқсайды. Тапсырыс рәсімдеу үшін әлеуетті құрбандардан жеке ақпараттарын енгізіп, криптоәмианға ақша аудару сұралады. Алайда шын мәнінде қаражат алаяқтардың қолына түседі.

«Алаяқтар ірі сатылымдардың басталуына дейін әрдайым белсенділігін арттырады — сатып алушылар арасындағы жоғары сұраныс олардың әрекетінің сәтті болу мүмкіндігін арттырады. Пайдаланушыларға барынша мұқият болып, құрылғыларды тек тексерілген ресми интернет-дүкендерден сатып алуды ұсынамыз. Әсіресе ұсыныс тым тартымды көрінсе, сақ болған жөн. Мысалы, баға өндіруші жариялаған құннан айтарлықтай төмен болса немесе өнім желісі әдеттегіден әлдеқайда кең ұсынылса, бұл — алаяқтықтың негізгі белгілерінің бірі», — дейді «Касперский зертханасының» аға контент-талдаушысы Ольга Алтухова.

Тәуекелдерді азайту үшін «Касперский зертханасы» пайдаланушыларға мынадай кеңестер береді:

  • жеке деректерді енгізбес бұрын сайттың түпнұсқалығын тексеру. Атап айтқанда, URL мекенжайының дұрыстығына және ресурс атауына назар аудару;
  • күмәнді сайттарға банк картасының деректерін енгізбеу. Тәуекелдерді азайту үшін онлайн сатып алуларға арналған жеке виртуалды картаны пайдалануға болады;
  • тиімділігі тәуелсіз сынақтармен расталған сенімді қорғаныс шешімдерін, мысалы, Kaspersky Premiumды пайдалану. Күрделі киберқауіптерден, соның ішінде фишингтен кешенді қорғауды қамтамасыз ету үшін «Касперский зертханасы» жасанды интеллект технологияларының көмегімен өз шешімдерінің мүмкіндіктерін үнемі кеңейтіп келеді;
  • онлайн-банкинг қосымшаларында және осындай мүмкіндік бар басқа да сервистерде екі факторлы аутентификацияны қосу.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.