Қазақстандағы Novo компаниясының жаңа бас директоры болып Манвендра Сингх тағайындалды

Қазақстандағы Novo компаниясының жаңа бас директоры болып Манвендра Сингх тағайындалды

Алматы, Қазақстан, 24 қыркүйек 2026 жыл – Novo фармацевтикалық компаниясы (бұған дейінгі атауы - Novo Nordisk) Манвендра Сингхтың Қазақстандағы өкілдіктің бас директоры қызметіне тағайындалғанын хабарлады. 

Манвендра Сингхтың фармацевтика саласында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Қазақстандағы басшылық қызметке тағайындалғанға дейін ол Novo Nordisk компаниясының құрылымында бірқатар жетекші лауазымдарды атқарды. Атап айтқанда, Катардағы компания бизнесіне жетекшілік етіп, Цюрихтегі халықаралық кеңседе сату және коммерциялық тиімділік бағыттарына жауапты болды. Сонымен қатар Манвендра Сингхтың Pfizer және Abbott сияқты ірі халықаралық компанияларда басқарушылық қызметтер атқарған мол тәжірибесі бар. 

Жаңа қызметінде Манвендра Сингх қазақстандық пациенттердің инновациялық емдеу әдістеріне қолжетімділігін кеңейтуге басымдық береді. Атап айтқанда, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үшін қазіргі таңда негізгі сын-қатерлердің бірі болып отырған семіздік пен артық салмақ мәселесіне ерекше назар аударылады. 

«Novo компаниясының ғылыми қызметінің өзегінде әрдайым адам тұрады. Біздің басты міндетіміз – семіздік пен диабет сияқты ауруларды емдеудің заманауи әдістері оларға мұқтаж әрбір адамға қолжетімді болуын қамтамасыз ету, – деді Манвендра Сингх. – Қазақстанның медицина саласын дамыту үшін әлеуеті зор. Біз Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен серіктестікті одан әрі нығайтып, пациенттердің қажеттіліктеріне жедел жауап беруге және еліміздің барлық өңіріндегі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға ниеттіміз». 

Novo компаниясы бұған дейін Қазақстандағы Novo басшысы қызметін атқарған Рану Азфар Зафарға бизнесті дамытуға және компанияның өңірлік нарықтағы позициясын нығайтуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді. 

Манвендра Сингхтың тағайындалуы Novo компаниясындағы ауқымды трансформация кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Компания ребрендинг жүргізіп, «Тұрақты денсаулық қазірден басталады» ұраны аясында жаһандық философиясын жаңартты. Novo өз миссиясына адалдығын растай отырып, Қазақстанда мемлекет пен медициналық қауымдастықтың сенімді әрі ұзақ мерзімді серіктесі болып қала беруге ниетті. 

Novo — тұрақты денсаулық дәл қазір басталады деп сенетін жаһандық фармацевтикалық компания. Ғасырдан астам уақыт бойы біз алдыңғы қатарлы ғылымды адамдардың қажеттіліктерін терең түсінумен ұштастырып, миллиондаған пациенттерге денсаулығын жақсартуда нақты, айқын әрі ұзақ мерзімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін препараттар мен шешімдерді әзірлеп келеміз. Күн сайын бүкіл әлем бойынша 67 000-нан астам қызметкер денсаулықты ұзақ мерзімді нығайту үшін оң өзгерістерге жол ашу сияқты басты мақсатымызға бағытталған жұмыстарды жүзеге асырады. Серіктестік, әлеуметтік бағдарламалар мен инвестициялар арқылы одан да көп адамның салауатты өмір салтын ұстануына көмектесу үшін аурулардың алдын алу, емдеуге қолжетімділікті кеңейту және қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайту бағытында еңбек етеміз. Қосымша ақпарат novonordisk.com сайтында, сондай-ақ Instagram, LinkedIn, TikTok, Facebook, X  YouTube.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.