Өнеркәсіп саласы жасанды интеллектке көбірек сенім артуға дайын: әрбір бесінші кәсіпорын киберқауіпсіздікте технологияны қолдану аясын кеңейтуді жоспарлап отыр

Өнеркәсіп саласы жасанды интеллектке көбірек сенім артуға дайын: әрбір бесінші кәсіпорын киберқауіпсіздікте технологияны қолдану аясын кеңейтуді жоспарлап отыр

Әлемдегі өнеркәсіптік компаниялардың 21%-ы киберқауіпсіздік міндеттерін шешу үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл ретте сыртқы ЖИ сервистерімен қатар, компаниялардың өз әзірлемелері де пайдаланылмақ. Мұндай деректер «Касперский зертханасының» ішкі зерттеу орталығы жүргізген зерттеу нәтижесінде алынды. Зерттеу нәтижелері өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне арналған Kaspersky Industrial Cybersecurity Conference халықаралық конференциясы аясында таныстырылды.

Жасанды интеллектіні ақпараттық қауіпсіздік саласына ең белсенді енгізуді энергетикалық кәсіпорындар жоспарлап отыр – мұндай компаниялардың үлесі 25%-ға жетеді. Көлік саласында бұл көрсеткіш 21%-ды, ал өндірістік секторда 18%-ды құрайды.

«Бүгінде өнеркәсіп саласы жасанды интеллект эксперименттік технологиядан негізгі бизнес және өндірістік процестерге кіріктірілетін жұмыс құралына айналып жатқан кезеңде тұр. Бұл тиімділікті арттыруға айтарлықтай мүмкіндік береді. Сонымен қатар қауіпсіздікке қатысты жаңа тәсілді қажет етеді. Жасанды интеллектіні енгізу кезеңіндегі ғана емес, мұндай шешімдердің бүкіл өмірлік циклі бойындағы тәуекелдерді ескеру маңызды. Бұл модельді таңдаудан және қолжетімділікті реттеуден бастап, ЖИ-агенттерінің әрекеттерін бақылауға дейінгі үдерістерді қамтиды», – деп түсіндірді «Касперский зертханасының» Ресей және ТМД елдеріндегі бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Анна Кулашова.

«Касперский зертханасы» 20 жылдан астам уақыт бойы ұйымдарға өзекті бизнес міндеттерін шешуге көмектесетін жасанды интеллект және машиналық оқыту технологияларын әзірлеп келеді. Компанияның ЖИ негізіндегі өнімдері қауіп-қатерлерді анықтап, олардың қауіптілік деңгейін бағалайды және оқиғаларға нақты уақыт режимінде әрекет етеді. Олар қауіпсіздік саласында неғұрлым негізделген шешімдер қабылдауға, сондай-ақ қауіпсіздік процестерін ауқымдауға мүмкіндік беріп, олардың тиімділігі мен ашықтығын арттырады. Мысалы, компанияның SIEM жүйесінде және басқа да шешімдерінде жасанды интеллект технологияларының көмегімен ұйымдардағы қауіпсіздік оқиғаларын талдауға мүмкіндік беретін Kaspersky Investigation and Response Assistant (KIRA) аналитик көмекшісі қолжетімді. 2026 жылы бұл әзірлеме Федералдық зияткерлік меншік қызметінде тіркелді .

*Сауалнама 2026 жылы жүргізілді. Оған 10 елдегі әртүрлі салаларда жұмыс істейтін ұйымдардың киберқауіпсіздігіне жауапты 1955 қызметкер қатысты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.