InEco Fest 2026: Алматыда экологияны, инклюзия мен қала мәдениетін біріктірген үшінші фестиваль өтті

InEco Fest 2026: Алматыда экологияны, инклюзия мен қала мәдениетін біріктірген үшінші фестиваль өтті

7 тамызда Алматының Бас ботаникалық бағында 4 000-нан астам қонақты – балалары бар отбасыларды, оның ішінде мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, мектеп оқушыларын, студенттерді, жас мамандарды, ғылыми қоғамдастықтың, қоғамдық ұйымдар мен қалалық бастамалардың өкілдерін жинап, InEco Fest 2026 атты инклюзия және экология бойынша үшінші отбасылық фестиваль болып өтті.

Бір күн ішінде іс-шара қонақтары тақырыптық алаңдар бойынша өз маршруттарын таңдап, шеберлік сыныптарына, ғылыми эксперименттерге, экскурсияларға, дәрістерге, шығармашылық белсенділіктер мен сахналық бағдарламаға қатыса алады.

Фестивальді ұйымдастырушылар «Шеврон» компаниясымен серіктестікте ITeachMe қоғамдық қоры мен Ботаника және фитоинтродукция институты (Алматының Бас Ботаникалық бағы) болды.

InEco Fest 2026 мақсаты – физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, әр адам өзін жан-жағынан танытып, табиғатты қорғауға үлес қоса алатын инклюзивті, экологиялық және шабыт беретін ортаны құру.

Дәурен Бекқожаев, ITeachMe қорының операциялық директоры: «InEco Fest 2026  – бұл қаламызды анағұрлым экологиялық, ашық әрі әр адам үшін жайлы ету деген бір маңызды мақсат төңірегінде адамдарды, идеялар мен ұйымдарды топтастыратын фестиваль. ITeachMe қоры үшін осы фестивальдің табиғат экологиясы жайында ғана емес, сонымен қатар, адамдар арасындағы қарым-қатынас экологиясы жайында да сөз қозғайтыны ерекше маңызды. Бір-бірімізге қамқорлық танытпай, айналадағы әлемге қамқорлық жасау мүмкін емес екеніне сенімдіміз. Дәл сондықтан фестивальде инклюзияға көп көңіл бөлінеді. Мүгедектігі бар адамдар мен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жай ғана іс-шараның қонақтары емес, олар оның толыққанды қатысушылары, ұйымдастырушылары және әртүрлі белсенділіктердің авторлары болып табылады. Қазіргі қоғамның әр адам өз әлеуетін іске асырып, басқаларға пайдалы бола алатын кезде күштірек болатынын көрсеткіміз келеді. InEco Fest өтетін орын кездейсоқ таңдалмады. Бас Ботаникалық бақ алматылықтар мен қала қонақтарының сүйікті қоғамдық кеңістіктерінің бірі болып табылады, бұл жерде табиғатқа деген қамқорлық адамға деген қамқорлықпен үйлесімді түрде тоғысады».

Баян Қоспенбетова, Ботаника және фитоинтродукция институтының білім беру және мәдени-ағарту жобаларының жетекшісі: «Биыл InEco Fest «Қайнар көз» деген жалпы тақырыппен өтті. Қайнар көз – бұл су ғана емес. Біз қатысушыларға не нәрселердің білім, шабыт, жігер, қолдау, жаңа қоғамдастықтар мен қоғам өміріндегі оң өзгерістер қайнар көзі болып табылатыны жөнінде ой жүгіртуді ұсындық. Дәл сондықтан Бас Ботаникалық бақ қайтадан фестиваль алаңына айналды. Бұл өсімдіктер туралы ғылыми білімнің қайнар көзі ғана емес, сонымен қатар, мыңдаған қала тұрғындары үшін демалу және шабыт алу орны. Ол ғалымдарды, экологтерді, қоғамдық ұйымдарды, волонтерлерді және қалалық ортаның болашағына бейжай қарамайтын адамдардың бәрін біріктіреді.

Қатарынан үшінші жыл бір алаңда пікірлес адамдардың басын қоса отырып, осы күнгі барлық белсенділіктер арқылы бір маңызды ойды жеткізгіміз келетіні биылғы фестивальдің ерекшелігі болып табылады. Оң өзгерістер шағын дүниелерден басталады және бәрі біздің қолымызда – болашағымыздың қайнар көзі әрқайсымызда.

Біздің басты міндетіміз – фестивальден адамдардың жақсы әсер алып қана қоймай, сонымен қатар, одан кейін де өздерімен бірге күнделікті өмірде қолданып, әлемді жақсарта алатын білімді ала кетуі».

Лейла Айтмұханова, «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі: «InEco Fest «Шеврон» компаниясының әлеуметтік және экологиялық бастамалар жүйесінде негізгі рөлдердің бірін атқарады. Қазақстандық және халықаралық серіктестермен бірге біз көптеген әлеуметтік жобаларды іске асырамыз және фестиваль бірден екі бағдарламамызды – біз Ботаника және фитоинтродукция институтымен бірлесіп дамытатын GREEN SCIENCE KZ және ITeachMe қорымен бірге іске асырылатын ITMlab бағдарламаларын біріктірді.

Фестиваль үшінші рет Бас Ботаникалық бақтың аумағында өтті және осы уақыт ішінде шынымен бірегей қалалық іс-шараға айналды. Бұл балалары бар отбасылар, жастар, аға буын өкілдері, әртүрлі мүгедектік нысандары бар адамдар, ғалымдар, волонтерлер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері табиғи түрде кездесетін ашық әрі қолжетімді алаң.

Инклюзия және экология фестивалі интерактивті және иммерсивті форматтарға толы. Театр, би, өсімдіктермен жұмыс істеу, шығармашылық шеберханалары және өз қолымен бірдеңе жасау мүмкіндігі арқылы адам жаңа білімді оңай қабылдап, оны біртіндеп пайдалы әдеттерге айналдырады. Дәл сондықтан InEco Fest экологиялық оқу-ағарту ғибрат айтусыз – жеке тәжірибе мен бірлесіп қатысу арқылы жүзеге асатын кеңістікке айналуда.

Біз үшін инклюзия – бұл, ең алдымен, өзімізге және басқа адамдарға қамқорлық жасау. Табиғатқа қамқорлық жасау – фестиваль арқылы ілгерілетуге тырысатын тағы бір маңызды құндылығымыз. Мұндай алаңдар адамдарды біріктіреді, тың дүниелерді ашуға көмектеседі, білімге деген құштарлықты қолдайды, бір-бірінің сөзіне құлақ асып, түсінуге мүмкіндік береді. Бәлкім, дәл осы жерде адам өзіне оң өзгерістердің бастамашысы болуға көмектесетін қуат пен шабыт алады».

InEco Fest бағдарламасы 11 тақырыптық кеңістікті біріктірді, олардың әрқайсысы фестивальдің «Қайнар көз» тақырыбын практикалық сабақтар, шығармашылық, ғылым мен жанды қарым-қатынас арқылы ашты. Фестиваль қонақтарын қарсы алған Zhuldyz Flowers компаниясының флористі Димитрий Гребенкин жасаған, тірі гүлдерден киім киген модельдер фестивальдің ерекше көркіне айналды.

Фестиваль белсенділіктерінің маршруты «Инклюзивті қоғам» алаңынан басталды, ол жерде ITeachMe қорының мамандары келушілермен инклюзия жөнінде қарапайым тілде сөйлесті, ал африкалық барабанда ойнау бойынша шеберлік сыныптары мен арт-терапия бірлескен шығармашылықтың кез келген кедергілерді қалайша еңсеруге көмектесетінін айқын көрсетті.

«Экологиялық өмір салты» аймағында қонақтар Recycle Birge командасымен бірге қалдықтарды сұрыптауды үйренді, zero waste қағидаттарымен танысты, экологиялық викториналарға қатысып, өздерінің көп рет пайдаланылатын шоперлерін жасады.

Әлия Сәлменова, GreenUp.kz (Recycle Birge) директоры: «Экологиялық өмір салты үлкен жобалардан емес, әр адамның күнделікті қарапайым шешімдерінен бастау алады. Дәл сондықтан InEco Fest-те біз экологияны түсінікті, қызықты әрі бүкіл отбасы үшін қолжетімді етуге тырыстық.

Біздің алаңымызда қалдықтарды қалай дұрыс сұрыптау керектігін, қайта өңдеу неліктен шынымен де маңызды екенін және қандай қарапайым әдеттер өміріміздегі қоқыстарды азайтуға көмектесетінін білу мүмкін болды. Біздің мақсатымыз – экологиялық өмір салтының түбегейлі өзгерістерді талап етпейтінін көрсету. Кейде айналаңыздағы әлемді өзгерту үшін бір шағын қадам жасау жеткілікті».

«Орнықты қала» кеңістігінде фестиваль қонақтары күнделікті кішігірім әрекеттердің қалайша қалалық экожүйені сақтауға көмектесетінін білді. «Жасыл Рейнджерлер Клубынан» Ботаникалық бақ волонтерлерімен олар микро көк шөптерді өсіріп, тозаңдандырушы жәндіктерге арналған үйшіктер салды. Zertte Studio-мен бірге өсімдіктерді өсіру үшін пайдалануға болатын тұқымдардан «тірі карталар» жасады, сондай-ақ ЛЕМАНА Про компаниясымен құстар мен тиіндерге жем салатын астауларды құрастырды.

«Флористика» аймағы Vasilek.kzt гүл дүкені мен флорист Яна Прокудина өткізген гүл композицияларын және Жасыл Рейнджерлер Клубы өткізген кепкен гүлдерден панноны жасау бойынша шеберлік сыныптарын біріктірді. Барлық ниет білдірген адамдар ZHULDYZ Flowers компаниясынан бөлме өсімдіктеріне күтім жасау бойынша кәсіби консультациялар алды. Ботаника және фитоинтродукция институтының тропикалық және субтропикалық өсімдіктер зертханасы «Терезе алдындағы бақ» аймағында өткізген практикалық сабақтар кезінде әр адам бөлме өсімдігін өз қолымен қайта отырғызып, оны үйіне әкете алды. Green Steppe Eco Passport – бұл фестивальге келуді шағын саяхатқа айналдыратын интерактивті экологиялық паспорт.

American Corner & Makerspace, Sciencely Almaty ғылыми жобасы мен Almaty Children Science Museum әртүрлі белсенділіктерін біріктірген ғылыми STEAM-кластер ерекше танымал болды. Бұл жерде балалар мен ересектер микроскоппен өсімдіктердің құрылысын зерттеп, химиялық эксперименттер өткізді, жарықтың табиғатын зерделеп, өз кемпірқосақтарын жасады және «Жасыл планетаның коды» экологиялық квестінен өтті.

“Шығармашылық шеберханасы” аймағында қонақтар киізді, өсімдіктер мен табиғи бояғыштарды пайдалана отырып, дәстүрлі қолөнер техникаларымен өздерінің бояулы бұйымдарын жасады, көгалдандырудың сәулет макеттерін салып, Халықаралық білім беру корпорациясымен және Алматы Балалар ғылыми мұражайымен бірге заманауи экологиялық идеялардың өнер мен дизайн арқылы қалайша жүзеге аса алатынымен танысты.

Кітап алмасу, шығармашылық шеберханасы, идеялар зертханасы және жасөспірімдерге арналған интерактивті қаржылық сауаттылық бағдарламасы бар «КОМУНИТИПЛЮС» қорынан “Кітап клубы және білім беру” аймағы орналасқан сахна жанындағы алаң үлкен қызығушылық туғызды. Фестиваль тарихында алғаш рет Umai Books  ×  Oilau Hub-тан “Балалар бұрышы” атты мектеп жасына толмаған балаларға (3+ балаларға) арналған алаң жұмыс істеді. Дәл осы жерде табиғатқа ұқыпты қарау маңыздылығы туралы баяндайтын, сондай-ақ достық, өзара көмек және қолдау тақырыптары аясында жорық туризмін және құзға өрмелеуді танымал ететін балалар мен ересектерге арналған "Тау сақтаушылары" қуыршақ спектаклінің көрсетілімі өтті. Жақын жерде ата-аналар да өздеріне айналысатын іс таба алды, мұнда Shymbulak Outdoor-дан тау туризмінің әуесқойларына арналған білім бұрышы орналасты.

Күн ішінде фестивальде Асыл Мирас пен Harmony Fund-тан картиналар және балалар шығармашылығының көрмесі, Бас Ботаникалық бақтың өсімдіктер топтамалары бойынша танымдық экскурсиялар, «Әкенің қолынан бәрі келеді» инклюзивті квесті өтті. Күні бойы InEco Fest қонақтары үшін КҮНДЕ инклюзивті дәмханасы жұмыс істеді.

Фестивальдің тағы бір маңызды бөлігі қайырымдылық жәрмеңкесі болды, онда қонақтар инклюзивті және экологиялық жағынан саналы қоғамды дамыту үшін күнделікті жұмыс істейтін ұйымдармен таныса алады. Жәрмеңкеге қатысушылар арасында – «Асыл Мирас» ресурстық орталығы, «Мама Про әлеуметтік жағдайы осал әйелдерді қолдау және дамыту қоры» ҚҚ, «Мейірім» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған оңалту орталығы, «Ерекше балалар ата-аналарының одағы» РҚБ, Art Botanique ботаникалық панно шеберханасы, экостильдегі Orken Puzzle және басқа да ұйымдар.

Айнұр Құдайбергенова, даму ерекшеліктері бар баланың анасы, «Мама Про әлеуметтік жағдайы осал әйелдерді қолдау және дамыту қоры» ҚҚ филиалының өкілі: «Біздің қорымыз үшін «Қайнар көз» фестивалінің тақырыбы ерекше маңызға ие. Әр отбасыға күштің қайнар көзі қажет. Әсіресе, даму ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға. Көбінесе, басқа адамдардың қолдауы – тыңдалу, көмек алу, жалғыз емес екеніңді сезіну мүмкіндігі осындай қайнар көзге айналады. Әр адам өзінің ерекшеліктеріне қарамастан, өзінің қабылданатынын сезінетін қоғамды құру өте маңызды. Фестиваль қонақтары инклюзия тақырыбына сәл кеңірек – қоғамымызды анағұрлым мейірімді, мықты әрі адамгершілікке сай ету мүмкіндігі ретінде қарай алды деп үміттенеміз. Өйткені бір-бірімізге қамқорлық жасау – бұл да экологиялық мәдениеттің бір бөлігі».

Түстен кейін орталық сахна қалалардың болашағы, орнықты даму және инклюзивті қоғам туралы ашық диалог кеңістігіне айналды. Бағдарлама Іле Алатауы мұздықтарының қарқынды еруіне байланысты, Қазақстан мен Қырғызстандағы адамдар өмірінің өзгеруі туралы «Алатау: жойылып бара жатқан мұздықтардың ізімен» деректі фильмінің көрсетілімін, ғалымдардың, экологтердің, қоғам қайраткерлері мен әлеуметтік кәсіпкерлердің дәрістерін, мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен кедергілерді еңсеруде өзіндік тәжірибесі бар адамдардың сөйлеген сөздерін біріктірді.

Фестивальді MEZZO тобының концерті, TWIANO егіз пианистерінің өнер көрсетуі және адамды, табиғат пен өнерді символдық түрде біріктірген JOLDA театрының «Dancing Nature» ырғақты қойылымы аяқтады.

Үш жыл ішінде InEco Fest экологиялық оқу-ағарту, ғылыми білім, шығармашылық және әлеуметтік инклюзия бүкіл отбасы үшін біртұтас кеңістікке біріктірілетін ең ірі қалалық алаңдардың біріне айналды. Фестивальдің форматы қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау туралы көбірек біліп қана қоймай, сонымен қатар, күнделікті өмірде оңай қолдануға болатын практикалық тәжірибе алуға, сондай-ақ экология мен инклюзия саласындағы әртүрлі жобаларды іске асыру үшін пікірлес адамдармен бірігуге жол ашады.

Ұйымдастырушылар қатысушылардың ынталы қатысуы, бизнестің, ғылыми қоғамдастықтың, қоғамдық ұйымдар мен волонтерлердің серіктестігі фестивальді қоғамымыздағы оң өзгерістер үшін бірегей платформаға айналдырады деп атап өтті. 

АНЫҚТАМА ҮШІН:

Бас Ботаникалық бақ (БББ) Алматы қаласында орналасқан және Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бір бөлігі болып табылады. Бас ботаникалық бақ – ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі бар ашық аспан астындағы ғылыми мекеме. Бұл ботаника ғылымының, экологиялық-ағарту және табиғатты қорғау қызметінің орталығы. Толығырақ  www.botsad.kz сайтында.

IteachMe қоғамдық қоры – құзыреттерді дамыту орталығы. Қызметінің мақсаты: баршаға тең мүмкіндік жасау. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін білім беру іс-шараларын ұйымдастырумен айналысатын жас, бірақ қарқынды дамып келе жатқан ұйым, IT-мамандарды даярлап, жұмысқа орналастыруға көмектеседі. Толығырақ www.iteachme.kz сайтында.

«Шеврон» әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі болып табылады. Прогресс үшін сенімді, қолжетімді әрі таза энергия қажет деп есептейміз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газды өндірумен, ЖЖМ-ді, мұнай-химия өнімдері мен қоспаларды өндірумен айналысады және бизнесіміз бен саланы дамыту үшін технологияларды әзірлейді. Біз мұнай және газ саласындағы бизнесімізді дамытуды, қызметіміздің көміртегі сыйымдылығын төмендетуді және жаңартылатын отынды өндіру, көміртекті ұстау және оффсеттерді, сондай-ақ сутекті және басқа да инновациялық технологияларды пайдалану сияқты бизнестің төмен көміртекті бағыттарын дамытуды көздейміз. «Шеврон» компаниясы туралы көбірек ақпаратты www.chevron.com сайтынан табасыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.