1 маусымнан бастап жылжымайтын мүлікке арналған техникалық паспорттар мен кадастрлық паспорттардың телнұсқалары тек онлайн рәсімделеді

1 маусымнан бастап жылжымайтын мүлікке арналған техникалық паспорттар мен кадастрлық паспорттардың телнұсқалары тек онлайн рәсімделеді

eGov.kz порталында жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру және кадастрлық паспорттың телнұсқасын беру мемлекеттік қызметтері жаңартылды. Енді пайдаланушылар өтінім беру кезінде бірден төлем жасап, нәтижені электрондық форматта ала алады. 

Бұған дейін төлем жасау және нәтижені алу үшін ХҚКО-ға бару қажет болатын. Енді процесс толықтай онлайн форматқа көшірілді: төлем өтінім беру барысында жүзеге асырылады, ал дайын техникалық паспорт немесе кадастрлық паспорттың телнұсқасы eGov.kz порталындағы пайдаланушының Жеке кабинетіндегі «Қызметтерді алу тарихы» бөліміне автоматты түрде жүктеледі. Қызмет көрсету мерзімі жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты.

Қызметтерді пайдалану үшін пайдаланушыға:

  • kz порталында авторизациядан өтіп, «Басты бет» – «Жылжымайтын мүлік» – «Сатып алу, сату, жалға алу» немесе «Тұрғын үй қатынастары» бөліміне өту;
  • «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру» немесе «Кадастрлық паспорттың телнұсқасын беру» қызметін таңдау;
  • өтінім түрін және жылжымайтын мүлік түрін көрсету, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалын таңдау;
  • қажетті деректерді толтыру, төлем жасау және сұранымға қолжетімді қол қою тәсілдерінің бірімен қол қою қажет. 

Цифрлық мемлекеттік қызметтердің танымалдығының артуы статистикамен де расталады. Егер 2021 жылы eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт пен кадастрлық паспорттың телнұсқасын алуға 100 мың өтінім беріліп, бұл барлық өтініштердің 22,8%-ын құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 41%-ға жетті. Онлайн өтінімдер үлесінің артуы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға сұраныстың жоғары екенін және азаматтардың күнделікті мәселелерді шешуде цифрлық сервистерді пайдалануға дайын екенін көрсетеді. 

«Мемлекеттік қызметтерді одан әрі цифрландыру аясында 2026 жылғы 1 маусымнан бастап жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру және кадастрлық паспорттың телнұсқасын беру бойынша өтінімдерді ХҚКО операторлары арқылы қабылдау тоқтатылады. Қызметтер тек eGov.kz порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн форматта көрсетіледі. Енді пайдаланушыларға төлем жасау үшін бөлек жүгінудің және техникалық паспортты алу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ – барлық процесс электрондық форматта қолжетімді, ал дайын құжат eGov.kz порталындағы Жеке кабинетте қолжетімді болады», – деп атап өтті ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин. 

Сонымен қатар, «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру» мемлекеттік қызметін eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Мемлекеттік қызметтерді кезең-кезеңімен онлайн форматқа көшіру қажетті қадамдардың санын қысқартуға, ХҚКО-ларға түсетін жүктемені азайтуға және қызметтерді алу процесін азаматтар үшін ыңғайлырақ, жылдамырақ әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, егер азаматта қызметті онлайн алу үшін қажетті жағдайлар болмаса, ол ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын пайдаланып, мемлекеттік қызметті дербес рәсімдей алады.

Бүгінгі таңда ЭЦҚ беру, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, ресми дилерлерден автокөліктерді бастапқы тіркеу, жүргізуші куәлігін алу үшін өтінім беру (қайта рәсімдеу), еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттарды беру және ұзарту, сондай-ақ ел өңірлерінде пилоттық режимде жер учаскелеріне құжаттарды рәсімдеу қызметтері автоматтандырылып, онлайн форматта қолжетімді.

Жаңартулар ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.