Әлемдік жұлдыздар Астанаға тәнті болды

Әлемдік жұлдыздар Астанаға тәнті болды

Астанада әлемге танымал әртістер мен мыңдаған көрерменді бір сахнада тоғыстырған халықаралық SOLANA FEST 2026 фестивалі өтті. Шетелдік орындаушылар елорда атмосферасы мен тұрғындардың қонақжайлығына қатысты әсерлерін жасырмады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Кештің хедлайнерлерінің бірі — британдық әнші John Newman. Ол астаналық көрермендерге жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, Қазақстанға әр келген сайын бұл елге деген сүйіспеншілігі арта түсетінін жеткізді.

«Мен сіздердің энергияларыңызды сезіп тұрмын. Мен мұнда бұған дейін де келгенмін. Әр келген сайын бұл елге одан сайын ғашық бола түсетін сияқтымын. Сіздерге шексіз ризамын. Энергияларыңыз керемет. Мен келген сайын маған ерекше махаббат сыйлайсыздар», — деді әртіс сахнада.

Қазақстан туралы жылы әсерімен америкалық әнші Nicole Scherzinger де бөлісті. Сахнадан өнер иесі фестиваль қонақтарымен амандасып, ел тұрғындарының қонақжайлығын ерекше атап өтті.

«Бүгін сіздермен бірге әсем Қазақстанда болғанымызға өте қуаныштымыз. Мұндағы адамдар сондай мейірімді әрі тамаша», — деді әнші.

Елордаға сапарынан алған жарқын әсерімен америкалық әнші Keri Hilson де бөлісті. Өнер иесі өнер көрсеткеннен кейін Астана тұрғындарының қонақжайлығына, қала атмосферасына және жергілікті ас мәзіріне тәнті болғанын айтты.

«Тамақтарыңыз қандай керемет — табақтың өзін көру керек еді! Адамдарыңыз ғажап. Өте әдемі, өте жайлы, өте таза. Сіздерден алған әсерім ерекше», — деді әнші.

SOLANA FEST 2026 әлемдік әртістерді, заманауи мәдениетті және мыңдаған көрерменді Астананың қақ ортасында тоғыстырған елордадағы ең жарқын музыкалық шаралардың біріне айналды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1221844?lang=kk 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.