Қызықты әрі пайдалы: СҚО-да полицейлер «Заң және Тәртіп» тақырыбындағы квестке қатысты
https://youtube.com/shorts/s80lw795Z2c?feature=share
Петропавл қаласының көшелерінде кезекшілік пен патрульге тартылмаған полиция қызметкерлері үшін ерекше квест ұйымдастырылды.
«Заң және Тәртіп» тақырыбы тапсырмалардың мазмұнын айқындады. Полицейлер 7 адамнан құралған 6 командаға бөлініп, алғашқы медициналық көмек көрсету және зардап шеккендерді тасымалдау дағдыларын көрсетті, заңнама бойынша блиц-сұрақтарға жауап берді, қылмыстық салаға қатысты жұмбақтарды шешті.
Тапсырмалардың бірінде қатысушылар адам көп жиналған жерде ықтимал құқық бұзушыны анықтауы қажет болса, тағы бірінде әртүрлі заттардың ішінен қылмыстық әрекетке қатысы барларын табу талап етілді. Сондай-ақ жылдам реакция мен өзара қолдауды қажет ететін кезеңдер қарастырылды. Ұпайлар тапсырмаларды орындау жылдамдығы мен дәлдігіне қарай берілді.
Квестке әртүрлі бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Ойын олардың кәсіби білімін, дағдыларын, командада жұмыс істеу қабілетін және тосын жағдайда дұрыс бағдарлана білуін көрсетті. Жеңімпаз командалар дипломдармен, ал қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шараны «Демеу» жеке үкіметтік емес ұйымының мамандары мен Солтүстік Қазақстан облысының Аналар кеңесі облыстық полиция департаментінің психологтарының қолдауымен ұйымдастырды.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
