Заречный су ортасында қалды, алайда тұрғындар қамқорлықсыз емес: төтенше қызметтер су тасқыны жағдайында көмек көрсетуде

Заречный су ортасында қалды, алайда тұрғындар қамқорлықсыз емес: төтенше қызметтер су тасқыны жағдайында көмек көрсетуде

https://youtube.com/shorts/KlbgOkOOLJ0?feature=share

Көктемгі Есіл өзенінің тасуына байланысты Петропавл қаласының Заречный шағынауданы судың қоршауында қалды. Уақытша оқшаулануға қарамастан, төтенше қызметтер жергілікті тұрғындарға көмектерін үздіксіз көрсетіп жатыр.

28 сәуір кешке Заречный ауылының егде жастағы тұрғынына медициналық көмек қажет болды. Әйел сол қолында ауырсыну сезіп, дәрігерлерге жүгінген. Белгілі болғандай, ол алдыңғы күні үй жануарларын судан құтқармақ болып, мысықтарының бірінен жарақат алған.

№13 орта мектеп ғимаратының жанында медицина қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Одан кейін, Петропавл қалалық полиция басқармасының моторлы қайығы арқылы әйел адам гидроторап өткеліндегі көпірге жеткізілді. Онда оны жедел жәрдем көлігі күтіп тұрған еді.

Жергілікті атқарушы органдардың, құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылы арқасында әйел қауіпсіз жерге уақытылы жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді.

Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, Заречный шағынауданындағы жағдай тұрақты. Есіл өзенінің тасуына байланысты елді мекенге кіріп-шығу уақытша қиындағанымен, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында Заречныйда 30 полиция қызметкері кезекшілік атқаруда, екі моторлы қайық пен патрульдік автокөліктер жұмылдырылған. Эвакуация қажет болған жағдайда құтқарушылар, әскерилер, әкімдік пен коммуналдық қызмет өкілдері дайын тұр. Бұған қосымша, су тасқыны аумағына апаратын бағыттарда тағы 40 полиция қызметкері тәулік бойы кезекшілік етуде.

Юрий Клыков

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.