СҚО полиция бастығы Заречный кентін қайықпен аралап, жеке құрамның жұмысын үйлестірді

СҚО полиция бастығы Заречный кентін қайықпен аралап, жеке құрамның жұмысын үйлестірді

https://youtube.com/shorts/5XTAPeofj3A?si=E8BE0A6j-bp7o_LP

27 сәуір кешкісін Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге Петропавл қаласындағы Заречный кентіне барды. Құрлықпен қатынау мүмкін болмаған елді мекенге олар қайықпен жетті.

Департамент бастығы елді мекенді қайықпен аралап, су тасқыны қаупі жағдайында полиция және басқа да қызметтердің жұмысын үйлестіру, ахуалды жеке өзі бағалау мақсатында іссапар жасады.

Қазіргі уақытта Заречный кентіне тек қайықпен және аса мұқияттылықпен жетуге болады. Облыстық полиция ведомствосының басшысы су басу қаупі бар аймақта тәулік бойы қызмет атқарып жатқан полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің жұмысын тексерді.

Полицейлер құтқарушыларға көмек көрсетіп, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Сонымен қатар олар қайықпен қатынайтын әрбір адамның қозғалысын бақылауда ұстап отыр.

Бұдан бөлек, генерал-майор Айдын Қабдұлдинов СҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты "ЕС 164/3" мекемесінің және ҚР ІІМ ҚАЖК-нің "№66 мекемесінің" су тасқыны жағдайында әрекет етуге дайындығын тексерді.

Тәртіп сақшыларының жауапкершілік аймағында азаматтардың мүлкін сақтау мәселесі де бар. Полицейлер жергілікті тұрғындарға кез келген сәтте көмек көрсетуге дайын.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.