Онлайн автокөлік сатып алудың арты 16 млн теңгеге алаяқтық болып шықты
Екі қылмыскер өздерін шетелден көлік тасымалдайтын делдал ретінде таныстырып, көлік сатып алуға және өзге де шығындарға жәбірленушіні 16 млн теңге аударуға көндірген.
Алаяқтар хабар алмасуды ойдан шығарылған мәліметтерді қолдана отырып, мессенджер арқылы жүзеге асырған.
Нәтижесінде жәбірленуші автокөлікті де, ақшаны да ала алмай қалған.
Сот үкімімен кінәлі тұлғаларға 5 жыл және 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жәбірленушінің залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы қанағаттандырылды.
Қала прокуратурасы – алаяқтық үшін мүлікті тәркілеу арқылы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгеніне назар аударады.
Астана қаласының прокуратурасы
[xfvalue_img]
