240 млн теңгеден астам сомаға жасалған кредиттік алаяқтық ісі бойынша үкім шығарылды

240 млн теңгеден астам сомаға жасалған кредиттік алаяқтық ісі бойынша үкім шығарылды

Астана қаласының соты тұтынушылық және автонесиелеу саласындағы ауқымды алаяқтық схемасына қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты айыптау үкімін шығарды. Топтың ұйымдастырушысы 9 жылға бас бостандығынан айырылса, қалған қатысушылар 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Алаяқтар азаматтарға қолданыстағы тұтынушылық несиелерді «есептен шығару» қызметін ұсынған. Оның орнына жәбірленушілерге жаңа кредиттік шарттар, соның ішінде автонесиелер рәсімдеуді ұсынып, ай сайынғы төлемдерді өздері төлейміз деп уәде берген.

Бұл схеманың құрбандары әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар — табысы төмен тұлғалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар болған. Қаржылық жағдайы қиын болғандықтан, жәбірленушілер қарыз жүктемесін жеңілдетуге үміттеніп, қаскөйлердің шарттарына келісуге мәжбүр болған.

Алайда берілген уәделер орындалмай, жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын 240 млн теңгеден асты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды кредиттерді жедел рәсімдеу туралы ұсыныстарға сақтықпен қарауға және үшінші тұлғаларға жеке әрі қаржылық деректерін бермеуге шақырады.

Күмәнді жағдайлар туындаған кезде құқық қорғау органдарына дереу жүгіну қажет. 

Астана қаласының прокуратурасы

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.