Жамбыл облысы полициясы балалардың үйден кетуінің негізгі себептерін атады

Жамбыл облысы полициясы балалардың үйден кетуінің негізгі себептерін атады

Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың үйден өз бетінше кетуінің алдын алу – профилактикалық жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

2025 жылы облыс аумағында осындай 260 дерек тіркелген.

Үйден кету жағдайларының ең көп бөлігі — 11–15 жас аралығында, яғни 180 дерек орын алған. Бұл – баланың белсенді түрде есейіп, мінезі мен көзқарасы қалыптасатын кезең. Мұндай уақытта балаға ересектердің түсінігі мен қолдауы ерекше маңызды.

16–17 жас аралығында 72 дерек, ал 6–10 жастағы балалар арасында 24 жағдай тіркелген.

Сондай-ақ, 2–5 жас аралығындағы бүлдіршіндердің үйден кетуіне қатысты жекелеген оқиғалар да ерекше назар аударуды талап етеді.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, көп жағдайда балалардың үйден кетуі құқыққа қайшы ниеттермен емес, эмоциялық себептермен байланысты. Ең жиі себеп – отбасындағы жанжалдар, бұл бағытта 104 дерек тіркелген.

Жекелеген жайларда себеп ретінде күрделі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар анықталған.

Кәмелетке толмағандардың басым бөлігі – 220 бала – мектеп оқушысы, 45-і колледж студенттері, ал 13 бала білім беру процесіне тартылмаған.

Мамандардың пікірінше, алдын алудың ең сенімді негізі – отбасындағы сенім атмосферасы, баланы тыңдай білу және оның мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқау тұрақты тұлға қалыптасуына үлкен көмек.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.