Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды

Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды

Қала тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жүргізуші куәлігін алуға және автокөлікті қайта рәсімдеуге жәрдем беремін деп алаяқтық жолмен таныстарын және жәбірленушілерді алдаған.

Жәбірленушілерден 1 млн теңгеден астам қаражат алып, өз міндеттемелерін орындамаған және ақшаны өз қалауынша жұмсаған.

Мемлекеттік айыптаушы сотқа сотталушының бірнеше рет ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын дәлелдейтін айғақтарды ұсынды.

Кінәсін толық мойындауын және залалды өтеуін ескере отырып, сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Қала прокуратурасы бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемденгені үшін мүлкі тәркіленіп 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін назарға салады.

Астана қаласының прокуратурасы

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.