СҚО полицейлері таяқ тартудан мықтыларды анықтады

СҚО полицейлері таяқ тартудан мықтыларды анықтады

https://youtube.com/shorts/g8_JGStZ1Bw?feature=share

Солтүстік Қазақстан облысында 70-тен астам полиция қызметкері мас-реслинг деген атпен белгілі таяқ тарту ұлттық спорт түрінен іріктеу жарыстарына қатысты. Іс-шараны «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы стадионының базасында СҚО Полиция департаменті Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды.

Жарыс бес салмақ дәрежесінде өтті. Бірінші жалпы командалық орынды ПД аппаратының қызметкерлері, екінші және үшінші орынды Тимирязев ауданы мен Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімдерінің командалары жеңіп алды. Бес жеңімпаз ҚР құқық қорғау органдарының, күштік және арнаулы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасындағы республикалық жарыстарда облыс атынан өнер көрсетеді.

Ұлттық спорт түрлерімен шұғылдану полицейлерге дене қалпын жақсы деңгейде ұстауға көмектесіп қана қоймай, патриоттық тәрбиеге де ықпалын тигізеді.

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

4 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.