TikTok қауымдастығының қауіпсіздігі: платформа 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 1,4 миллион бейнеоролик жойды

TikTok қауымдастығының қауіпсіздігі: платформа 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 1,4 миллион бейнеоролик жойды

Қысқа бейнероликтердің жетекші платформасы TikTok шығармашылыққа арналған жылы, шырайлы әрі жайлы ортаны қалыптастыруға ықпал ете отырып, Қазақстандағы жергілікті қоғамдастықтың қауіпсіздігін бірінші орынға қояды. Қауіпсіздікті сақтау үшін TikTok ең инновациялық технологияларды, сондай-ақ қазақ тілінде сөйлейтіндерді қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша он мыңдаған кәсіпқойларды тартады. Платформаның 24/7 пішіміндегі модерациясы Қауымдастық қағидаларын бұзатын бейнеконтентті жояды және TikTok-тың ашықтығын сақтау аясында тоқсан сайынғы есептерде жойылған контенттің санын ашып көрсетеді.

Қауымдастық қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету туралы есепке сәйкес, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда:

Қауымдастық қағидаларының ережелері бұзылғаны үшін 1,4 миллионнан астам бейнеролик жойылды.

  • Жалпы роликтер санының 99%-ы платформамен проактивті түрде, яғни оларға шағым түспей тұрып жойылды.
  • Роликтердің 96%-ы жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде жойылды, бұл әлемдегі орташа көрсеткіштерден жоғары.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Қазақстанда 6,5 миллионнан астам бейнеролик жойылды.

Сонымен қатар, 2025 жылдың бірінші тоқсанында бүкіл әлем бойынша Қауымдастық қағидаларының бұзылуына байланысты:

  • 211 миллионнан астам бейнеролик жойылды.
  • Бейнеконтенттің 99%-ы проактивті түрде жойылды.
  • Роликтердің 94,3%-ы жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде жойылды.

Осы уақыт аралығында жойылған контенттің жалпы көлемінің 87%-дан астамы автоматты модерация технологиялары есебінен жойылды, бұл барлық уақыттағы ең жоғары көрсеткішке айналды. Бұдан басқа, TikTok модерация технологиялары Қауымдастық қағидаларын бұзатын тікелей эфир контентін одан әрі жылдамырақ анықтауға көмектесті:  бірінші тоқсанда 19 миллион тікелей эфир тоқтатылды, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 50%-ға көбірек.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

6 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.