Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіксіз өмір салтын таңдады: Сұлышоқ — қылмыссыз аймақ

Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіксіз өмір салтын таңдады: Сұлышоқ — қылмыссыз аймақ

https://youtube.com/shorts/mIMK7p4yw-4?feature=share

Солтүстік Қазақстан облысының картасында алкогольден толықтай бас тартқан тағы бір ауыл пайда болды. Бұл — Петропавл қаласынан шамамен 115 шақырым шығыста орналасқан Сұлышоқ ауылы. Полиция мәліметінше, мұнда мас күйінде жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар мүлде тіркелмеген.

Магжан Жұмабаев ауданы Успен ауылдық округіне қарасты Сұлышоқ ауылы аудан орталығы Булаевтан 25 шақырым жерде орналасқан. Ауылдың халқы – 217 адам, 45 үй бар. Сұлышоқ ауылында балабақша мен негізгі орта мектеп жұмыс істейді, өмір сүруге қажетті жағдайлар жасалған. Күндіз көшеде орта жастағы адамдарды кездестіру қиын – негізінен балалар мен зейнеткерлер жүреді. Ересек тұрғындардың бәрі мал шаруашылығы мен егіншілікпен айналысады. Олар жергілікті тұрғын, туған жерінің патриоты Қайрат Жәнібеков басқаратын "Агро-Комплекс-Сұлышоқ" ЖШС құрамында еңбек етуде.

Ауыл ақсақалдары мен полиция өкілдері Сұлышоқтағы жағымды атмосфераны, көшелердің тазалығы мен тәртібін атап өтеді. Ауылдық округ әкімі Сарагүл Бейсебаеваның айтуынша, ауыл тұрғындарының адалдығы мен еңбекқорлығы, сондай-ақ жергілікті ЖШС басшылығының ауылдастарына деген қамқорлығы ауылдағы оң моральдық ахуалдың негізі болып табылады.

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, әсіресе мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтарды болдырмау — полиция департаментінің басым бағыттарының бірі. 2021 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысында полицияның белсенді қатысуымен ішімдіктен толық бас тарту қозғалысы дамып келеді. Бүгінде облыста 13 ауыл алкоголь өнімдерін тұтынудан және сатудан толықтай бас тартқан. Бұл қылмыстың алдын алудың тиімді шарасы ретінде бағаланып отыр, себебі соңғы 5 жылда бұл ауылдарда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті "Заң мен тәртіп" идеологиясын нығайту тұжырымдамасы аясында ішімдік ішпейтін елді мекендер санын арттыру бойынша ведомствоаралық жұмыстың сәтті жалғасып жатқанын атап өтті.

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.