Би фестивалі Тараз жастарын есірткіге қарсы күресте біріктірді
Тараз қаласындағы Оқушылар сарайында «Көшенің тынысы – есірткіге қарсы» ұранымен V қалалық заманауи би фестивалі өтті.
Фестивальдің басты мақсаты – жастардың есірткіге тәуелділік мәселелеріне назарын аудару, сондай-ақ шығармашылық пен би арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.
Байқауға 19 команда қатысып, көше биінің әртүрлі стильдерінде өнер көрсетті.
Барлық қатысушылар дипломдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараны Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Оқушылар сарайы және «Елу жылда – Ел жаңа» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Байқау қорытындысы бойынша Гран-при иегерлері - «Ритмосфера kids» (Оқушылар сарайы), «South Style» және «Bronx» командалары, бірінші орынды «Fly Girls» (Оқушылар сарайы) және «Ateam» (DL студиясы) командалары иеленді. Екінші орын «Energy Girl’s» (Оқушылар сарайы) және «Bronx» командаларына берілді, ал үшінші орын «Ритмосфера» (Оқушылар сарайы) және «Eclips» (DL студиясы) командаларына бұйырды.
[xfvalue_img]