eLicense.kz порталында рұқсат беру құжаттарын автоматты түрде қайта рәсімдеу функциясы қолжетімді болды

eLicense.kz порталында рұқсат беру құжаттарын автоматты түрде қайта рәсімдеу функциясы қолжетімді болды

eLicense.kz порталында рұқсат беру құжаттарын автоматты түрде қайта рәсімдеу механизмі енгізілді. Енді заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты-жөні өзгерген жағдайда қайта рәсімдеуге өтініш берудің қажеті жоқ. 1414 қысқа нөмірінен келетін SMS-хабарламаға жауап беру жеткілікті жүйе мәліметтерді өздігінен жаңартып, құжатты қайта рәсімдейді.

Қызметті алу үшін тек SMS-хабарламаны күтіп, оны растау қажет. Одан кейін барлық қажетті рәсімдерді жүйе автоматты түрде жүзеге асырады. Қосымша ақпарат қажет болған жағдайда пайдаланушылар порталдың қолдау қызметіне жүгіне алады.

Автоматты түрде қайта рәсімдеу мына қызметтерге қолжетімді:

  • Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу;
  • Тұқым (түпнұсқалық, элиталық, бірінші, екінші және үшінші репродукциялар) өндірушілер мен өткізушілерді аттестаттау.

Жаңартылған құжат қайта рәсімдеу процесі аяқталғаннан кейін бірден eLicense.kz порталындағы жеке кабинетте қолжетімді болады. Бұл жаңашылдық өтініш берушілерге уақыт үнемдеуге және құжаттарды қайта жинап, тапсыру қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді.

Жаңа функционал ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.