Өнегелі өмір, Отанға адал қызмет

Өнегелі өмір, Отанға адал қызмет

Отан қорғаушылар күні – ел үшін тер төгіп, бейбіт өмірді қорғаған азаматтарды ардақтайтын ерекше күн. Осындай құрметке лайық жандардың бірі – ішкі істер органдарының ардагері, милиция подполковнигі Есім Қарабайұлы Танабергенов.

Ел тыныштығы мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халыққа қалтқысыз қызмет еткен Есім Қарабайұлының өмір жолы – нағыз ер азаматқа тән еңбек пен ерліктің үлгісі.

Ол қызмет жолын Целинный өлкесінің мемлекеттік автоинспекторы ретінде бастап, талмай еңбектеніп, Целиноград облыстық ІІБ Жол полициясы бөлім бастығының орынбасары қызметіне дейін жетті. Тәжірибесі мол, талапшыл, әділ тұлға ретінде ол көптеген жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, ұстаз бола білді.

Зейнетке шыққан соң да қоғамнан шет қалған жоқ. 2002 жылдан 2018 жылға дейін Астана қаласы ІІД Ардагерлер кеңесін басқарып, аға буын мен жас қызметкерлер арасындағы алтын көпірге айналды.

Жасы тоқсанға таяған ардагер – өмірлік тәжірибесі мол, парасатты тұлға, нағыз отансүйгіш азаматтың бейнесі. Ол – шын мәніндегі ұстаз, тағылым иесі. Қызметінде қатал талапшыл болса, өмірде адамгершілік пен қарапайымдылықтың үлгісін көрсете білді.

Бүгінде ардагер зейнет демалысында. Жанында өмірлік жары Тлеулес Қаумбайқызы, үш перзенті мен немерелері бар – бұл да оның ең үлкен байлығы мен мақтанышы.

Есім Қарабайұлы Танабергенов – тек өз дәуірінің ғана емес, бүгінгі ұрпақ үшін де өнеге боларлық тұлға. Оның өмірі – адал қызметтің, елге деген махаббаттың айқын көрінісі.

Астана қаласы ПД баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.