СҚО полиция департаменті Заречный кентіндегі жағдай туралы айтты. 2024 ж. 11 сәуір таңертең
Петропавлға Есіл өзенімен үлкен көлемде су жақындап келеді. Полиция мен жауапты мемлекеттік органдар қызметкерлерінің адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тәулік бойынша қызмет атқаруы жалғасуда.
Заречный кенті су басуы ықтимал аудандардың бірі болып табылады. № 13 орта мектепте штаб құрылды. Петропавл қ. полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев күн сайын дәл осы жерде адамдарды эвакуациялап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ауысыммен кезекшілікке түсетін қызметкерлерді учаскелерге таратады. Тұрғындарға көмек көрсетуге қалалық, облыстық полицияның қызметкерлері, құтқарушылар, өрт сөндрушілер, әскери қызметшілер, әкімдік, медицина қызметкерлері, ұстаздар, волонтерлар жұмылдырылған. 11 сәуір күні таңертең Заречный кентінде әлі де үйлерінен шықпаған тұрғындар бар. Әкімдік, полицейлер мен құтқарушылар дереу қауіпсіздік шараларын қабылдауды сұрайды.
Қазіргі уақытта Заречный кентіндегі жағдай тыныш, барлығы жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлерінің бақылауында.
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]