Құстай қалықтауды армандаған бала » Infozakon
star archive bad ca calendar cat coms dislike down down2 fav fb gp info left like login love mail od pass rel reply right search set share sort_down sort_up top tw up views vk votes cross phone loc ya
Құстай қалықтауды армандаған бала

Құстай қалықтауды армандаған бала

Армансыз адам - қанатсыз құспен тең!

Бұл өткен 20-шы ғасырдың 60-жылдарының басы болатын... Қашанда қолы бос кезінде 8-ші сыныптың оқушысы Нәкен ауылдың сыртындағы Шатырша тауының төбесіне шығуды жақсы көретін. Ол үшін жаһанда бұл таудан биік те көркем тау жояқ сияқты көрінетін, сол себепті  жартас шыңына жеткенше асығып-аптығатын. Жетісімен, оңды-солды, жан-жағына көз салып, таңырқап қарап тұрағанда бірінші көзге ілінетін ақшыл-көк түсті Ақсораң мен Беғазы таулары болатын. Басқа жаққа да көз жүгіркенде, шоқылар мен жоталардың әржағында, одан да әрі, тіпті мыңдаған шақырымдай жерлерде қайнаған өмірге толы  әсем қалалар, биік құзды таулар, жан-жануарларға бай ну ормандар мен неше түрлі балықтарға толы мұхиттарды көзіне елестетіп:                                           

-Шіркін-ай, қызығы мол дүниені әуеде қалықтап ұшып, барынша шарлап, өз көзіммен көрсем қандай тамаша болар еді! - деп күбірлейтін. Осыларды көзіне елестетіп ойлағанда, оның жүрек лүпілі жиілейтін. Кейде ол, шөптің жұпар исі аңқыған көктемде, Шатыршаның баурайында ақшыл-күлгін қызғалдақтар бүршік атқан шақта,  солтүстікке беттей, үшбұрыш сапын сақтап, ұшып бара жатқан тырналарды көріп, алабұртып әсірелі қызығатын. Оның арман-ойынша:        

  - Осы құстардың қанатындай маған қанат неге бітпеген? Бітсе-ғой құпиясы мен қызығы мол талай жерлерді, елді мекендерді көруге болатын еді. Ұшы-қиыры жоқ көгілдір әуе кеңістігінің бостандығында ұшып бара жатқан еркін құстарда арман жоқ шығар –деп өкінішке де бататын. Содан ол құз басында қыран құстай қолдарын екі жаққа жайып, қанат қағып, екпінді салқын желге кеудесін тосып, қуанышты күйге бөленетін. Иә, әуеде еркін қанат қаққан, жердегі пенделердің уайымы мен алаңынан ада  құстарға қызықпасқа болмас!

 -Егер маған қанат бітпесе, қанатты қолдан жасау керек – деп, Нәкен іштей осы ойға бекінді. Осы арманына жетудің жолдарын ол күні-түні ойлаумен болды. Кейде ол, сабақ үстінде, терезеден көрінетін көгілдір әуе кеңістігінен көз алмай  қарап отыра, арманын жалғастыратын. Оның бөгде ойға батып отырғанын көрген мұғалімдер кейде оған ескерту де жасайтын. Тәтті қиялға шомған кездерде, ол көк аспанда өзінің қолдан жасаған ұшағының штурвалын ұстап қалықтап жүрген күйінен ескертудің салдарынан еріксіз, беті неше түрлі жазуға толы, кластағы тақтай партаға топ ете түсетін. Неміс тілінен сабақ беретін Гертруда Емельяновна Бибрих осы өзіне түсініксіз жәйтті тіпті оның тәтесіне жеткізіп, шағым айтыпты. Қатуыл мінезді Гүлжан тәтесі: - Класс сабағынан тыс қандай уайымға батып жүрсің? Уайымдайтын себебің қандай? Неге терезеден көз алмайды екенсің? Трезенің әр жағында не бар? Бас бар ма, асыл тас бар ма? Ештеңе жоқ қой. Саған мұғәлімге, не тақтаға қарау керек емес пе? – дегендей жағымсыз сөздерді жаудыртып, қатаң түрде жауап алыпты.

Бәрібір, көк аспанда қалықтап ұшуды армандаған Нәкен осы ойын жалғастыра берді. Құстай қалықтап ұшудың қуанышқа толы рақаты – ол  бір жағы, екінші жағы, оның биік аспанда қалықтап жүргенін мектеп ауланысндағы линейкаға тізілген балалардың ортасында тұрған сүйкімді де әдемі аққұба реңді Гүлнәз көрсе шіркін! Оған деген ыстық сезім Нәкеннің  жас жүрегін асау атша тулататын.                                                                                                           

- Керемет! Нәкен нағылған жүрек жұтқан ер еді, нағылған ғажап шебер еді! – деп, оның таңданып таңдай қағары анық қой. Сол қуаныш баураған мезет үшін Нәкен таудай тасты домалатуға, жойқын істі тындыруға, қандай да болмасын ерлік жасауға дайын еді. Шындап келгенде, шынайы махаббаттың алдырмайтын қамалы жоқ! Махаббат – адамға берілген ғаламат құдыретті сезім!

Бір күні Нәкен ауыл кітапханасына түскен жаңа кітаптарымен танысып отыра, өзінің арманын іске астыруға көмекші болатын бір кітап кезіктіреді. Ол А.Маркушаның «Сізге – ұшу үшін!» кітабі еді. Дереу оны үйге оқуға жаздырып алып, мақсатына енді жететіндей болған арманшыл бала кітаптің басынан аяғына дейін оқып шықты. Иә, оған ең керек кітәптің бірі осы болды. Онда ұшақ туралы барлық керек мағлұматтар қызықты да түсінікті жазылып қоймай, көрнекті схемалар мен әртүсті суреттерге бай болатын. Енді ол ұшақты қолдан жасаудың жоспарына кірісті. Әуелі оның схемасын қағазға түсірді. Ұшақтың моторы болмайтындықтан, әуеде өзімен өзі қалықтайтын планер түрінде жасалатыны өзінен өзі түсінікті болатын. Ұшақты фанерадан құрастыру керек, өйткені бұл ағаш материал жеңіл және өңдеуге ыңғайлы. Ұшақты қайда құрастыратынын Нәкен ертеден ойлап қойған. Шатыршаның күнгей жағындағы ылдида ұшқат, қараған басқан тереңдеу сай болатын. Бөгде көзден таса осы сайда ұшақты құраструға болады. Шатыршаның төбесіндегі жартастан ұшақпен төмен құлдиласа, мектеп ауласына дейін қалықтап баруға болады. Әрине, өзінің қолында Гүлнәзға арналған қызғалдақтары болатынын да ойлап қойған. Сонымен Нәкен сол сайға ұшақтың қанаттарын құрайтын фанералар мен оларды бекітіп тұратын ұзындығы 3 метрге жуық 2 қайыңның сырық ағаштарын влосипедімен бірте - бірте жеткізіп, оған қоса балға, ара, тістеуік, шегелер мен сымдарды апарып тастады. Бұл мамыр айының басы болатын. Ұшақты мектеп ауласнда мамырдың соңында болатын оқушылар линейкасына дайындау керек. Сол күні ұшақты мектеп ауласынағы алаңшаға қондыру басты мақсат. Айдың соңына қарай ұшақ та дайын болды. Енді оны ақ сырмен бояп, қанаттарының астыңғы жақтарына қызыл сырмен бесжұлдыз салу ғана қалған еді.

Бір күні түс ауа, бітер іске көңілі қуаныш-шаттыққа бөленген Нәкен, кенеп қапшыққа салынған ақ, қызыл бояулары толы екі қаңылтыр сауытшаларды велосипедпен артып, Шатыршаның баурайына тақап қалғанда, оны қарсы жақтан шыққан, велосипедттерге мінген бірнеше шулаған балалар тоқтатады. Олардың ішінде Нәкеннен екі жас үлкен, қағынып, бастарын қайда соғарын білмей жүретін, қансүректеу Тоқтамас, басыбұзық Әуребек, «жантық» атанған жағымпаз Салпақ  және тағы үш-төрт бала бар. Не де болса ұшақтың жәйін бұзықтарға осы жағымпаз ткізген.                                                                 

 – Әй, ұшқыш, аспанға ұшуға дайынсың ба? Рекорд жасайтын ойың бар шығар. Біз ұшағыңды ұшуға дайындап кеттік, бара сала ес-түсің қалмай қуанатын шығарсың - деп әлгілір келекеге салып, қарқылдап күлді. Артынша, барлықтары жаппай жабылып Нәкенді басынан қорғасын кастеттермен ұрып құлатып, денесін тепкіге салып, талдырып, қансыратып тастап кетеді. Біраз уақыттан кейін, есін жинаған Нәкен, қансыраған басының, қол-аяғының ауырғанына қарамай, бір пәле болғанын сезіп, велосипетіне зорға отыра сала, жүрегі құлазып, өзінің жылы ұясындай болып кеткен сайына асықты. Сайға жетте сала, өртенген ұшақтың күлі ғана қалғанын көріп, ол жылап жіберді. Көздерінен аққан ыстық жас оның бетіне жабысқан қанмен қызыл түске боялып, қолына тамшылады. Ұшақты банағы қызғаншақ қатыгез болалардың өртеп кеткеніне көзі жетті. Жанып біткен ұшақтың шоғынан будақтаған сұр түсті түтінмен бірге Нәкеннің арманы да әуеге көтеріле сейіліп, жоқ болды... Бірақ ол көздеген асыл арманына қайткенде де жететіндігіне сол жерде тұрып өз өзіне ант берді.

Осы келеңсіз жағдайдан кейін 40 жылдай уақыт өтті. Қарағанды аэропортына Франциядан кішірек күміс түсті әсем ұшақ қонды. Ұшақтың есігі ашылып, одан Нәкен түсті. Оны құшақ жая жан досы Зекен Әли қарсы алды. Амандықтан кейін, досы оны қошеметтеп үйіне алып кетті. Әңгіме барысында, Нәкен физика-математика ғылымдарының бір аса өзекті саласын терең меңгеріп, үлкен ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп, Францияның бір күрделі аэрокосмикалық технологияларды жетілдіру жабық режимдегі құпия  ғылыми-өндірістік орталығына жұмысқа шақыртылып, талай үздік жаңалықтар ашып, ақшалай қомақты табыс тапқан. Жабық режимдегі өндіріс орталығында қызмет істегендіктен, ол ел-жұрт, жора-жолдастармен көп жылдар бойы хабарласуға мүмкіндігі болмаған. Көздің жауын алатындай, аққу түстес, дизайыны әсем, сырты пішіні сүйір сипаттағы «Сокатта» деп аталатын 7 кісілік ұшақ Нәкеннің өз табысына алынған жеке меншігі болып шықты. Туған-туыс, жора-жолдастардың амандығын сұрасып, біраз әнгіме дүкен құрғаннан кейін:                  

– Зекен, осы Тоқтамас, Әуребек, Салпқтар аман-есен бе? Оларға бір сәлем берейін деген ойым бар еді. Жігерімді ұштаған, осы табыстарыма жетуге қосымша түртпек болған солар еді – деген сауал қойды Нәкен.                                      

– Е, олардың тағдыры ауыр болды. Тоқтамас 30-жасына жетер-жетпей өзінің туған інісінің қолынан пышақталып өлген. Інісін әбден ашындырған болуы керек. Әуребек 40 жасына жақындаған шағында, рулде өзі болып,  қатты ішіп алып келе жатқанда, жүк тиелген машынасымен аударылып, мертігіп, есіне келмей келмеске кеткен. Әр нәрседен шошынып жүретін Салпақ болса, жүрегі көптен ауыратын, ол да ұзақ өмір сүрмеді – деп Зекен мән-жәйды жеткізді.   

– Барлықтары иманды болсын. Өкінішті екен... - деп Нәкен қысқа қайырды.

Нәкеннің басты мақсаты өзі өскен Аққайың ауылына ұшып барып қайту еді. Ертеснде, қала дүкендерінен жүздеген қызғалдақтар,  500 смартфон және  «Рафаэлло» кәмпиттерін сатып алып, осылар салынған 500 қапшықтарды ұшақтың люгіне тиеп, ауылға бет алды. Франциядан ала шыққан барлық қапшықтардың беттерінде «Тәуелсіз Еліміздің жарқын болашағы сендердің қолдарыңда!» деген арнау сөздерді Нәкен арнаыйы жаздырған болатын. Аулға 50 шақырымдай қалғанда Нәкен Шатыршаны көзі шалды. Жүрегі дүрсілдеп, тебренгені сонша, ұшақтың штурвалынан қолы басап кетіп, ұшақ солқылдап кетті. Нәкен сол сәтте бойын жиып алып,  Шатыршаның баурайындағы ауылына жеткенше асықты. Аспандатып жеткен бойда ауылды үш рет айналып ұшып өтіп, ұшақты өзі бітірген мектептің ауласына бағыттады. Аулада линейкада тізіліп тұрған оқушылардың арасынан оған күлімсіреген Гүлнәз қол бұлғап тұрғандай елестеді. Осынау «ақ-қарасы» бұрқылдап араласып жатқан шытырманы мол өмірде оның бағы ашылды ме екен? Бұл сұрақтың жауабы Нәкенге беймәлім еді... Ол ұшақты баяу қалықтатып төмендеткенде, ұшақтың астыңғы жағындағы люгі ашылып, ауланың алаңына қызғалдақ гүлдері жапырлай төгіліп, алаңды жауып кетті. Екінші люк ашылғанда, одан кішкене парашюттерге ілінген қызыл түсті қапшықтар мектеп ауласына ақырын қалықтап төмен түсе бастады. Қуана шулаған мектеп оқушылары қапшықтарды қолдарымен қағып алып жатты. Жалт-жұлт еткен ұшақтағы ұшқыштың кім екендігін, сыйлықтарды кім түсіріп кеткендігін балалардың бірі де білген жоқ. Бұл сол беті құпия болып қалды. Бірақ Нәкеннің жасынан армандаған ой-мақсаты орындалды. Шынайы қуанышқа бөленген ол, ұшақты, кезінде шоқтығы биік Шатыршадан қарағанда да көзі жетпеген, мыңдаған шақырымдағы Францияға бағыттады. 

Нақыпбек Садуақасов, заңгер-құқықтанушы, публицист  

                                                                                                

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2025 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.