20 жастағы жарнама жапсырушы қылмыскер болып шықты

20 жастағы жарнама жапсырушы қылмыскер болып шықты

Астананың 20 жастағы тұрғыны есірткі заттарын жарнамалағаны үшін бас бостандығынан айырылды.

Сотталған азамат жұмыс іздеу барысында, тез ақша табуға ұмтылып, «Telegram» мессенджері арқылы жарнама жапсырушы ретінде жұмысқа қабылдау туралы хабарландыру тапқан.

Алайда, бұл қызмет Астана қаласының адам көп жиналатын орындарында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымын насихаттайтын парақшаларды таратуға негізделген болатын.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушының ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын дәлелдеді.

Сот үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Қала прокуратурасы есірткі заттарын жарнамалау – ауыр қылмыс екенін және ол үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын, соның ішінде 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін екенін ескертеді.

Астана қаласының прокуратурасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

5 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.