Қазақстан мен Германия автожол саласындағы стандарттарды әзірлеу бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

Қазақстан мен Германия автожол саласындағы стандарттарды әзірлеу бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

"ҚазжолҒЗИ" АҚ мен Германияның стандарттау институты (DIN) автожол саласындағы стандарттауды дамыту жөніндегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

2025 жылғы 23 қаңтарда "ҚазжолҒЗИ" АҚ Қазақстандық стандарттау және метрология институтының (МТИ РК) қолдауымен Берлин қаласындағы Германияның стандарттау институты (DIN) орталық кеңсесінде кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанның жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған болашақ ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылды.

Анықтама: DIN – Германияның ұлттық стандарттау органы. 1917 жылы құрылған, ал 1975 жылдан бастап Германияның ресми ұлттық стандарттау органы ретінде танылды. Қазіргі уақытта компанияның тұрақты қызметкерлер саны 500-ден астам адамды, негізгі мүшелері 3400-ден астам адамды құрайды, ал жалпы сарапшылар саны 36 000-нан асады.

Кездесуде Германия стандарттарын Қазақстанның автожол саласына бейімдеу мәселесіне ерекше назар аударылды. Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының сапасын халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу арқылы жақсарту, сондай-ақ стандарттау процестерін жетілдіруге көмектесетін сараптамалық кеңес беру мен тәжірибе алмасу мүмкіндіктері қарастырылды.

Сонымен қатар, тараптар SuperPave әдістемесін енгізу бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Бұл жаңа технологияларды қолдану арқылы асфальтбетон қоспаларын жобалаудың жаңа әдістерін әзірлеуге, сондай-ақ оларды экстремалды температура мен қарқынды көлік жүктемелеріне төзімді етуге бағытталған.

Ұзақ мерзімді ынтымақтастық Қазақстанның халықаралық стандарттарға жедел көшуіне және тәжірибе алмасу арқылы саланың дамуына ықпал етеді.

Еске салсақ, соңғы екі жыл ішінде «ҚазжолҒЗИ» жол саласының нормативті-техникалық құжаттамасын өзектендіріп, климаттық жағдайлардың өзгеруі, қозғалыс қарқындылығының артуы және автожолдардың сапасына әсер ететін басқа да факторларды ескере отырып, оны халықаралық стандарттарға сәйкестендірумен айналысып келеді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.