«Цифрлық дәуірде шетел тілдерін және аударма пәндерін оқытудың қазіргі заманауи әдістері»
2025 жылғы 5 ақпанда Халықаралық қатынастар факультеті мен Дипломатиялық аударма кафедрасы «Цифрлық дәуірде шетел тілдерін және аударма пәндерін оқытудың қазіргі заманауи әдістері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияда цифрландыру жағдайында шетел тілдері мен аударма пәндерін оқытуға қатысты жаңа әдістер қаралып, цифрлық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу бойынша тәжірибе алмасу және ұсыныстар жасау мәселелері талқыланды.Іс-шараға еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары мен академиялық қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Франция, Түркия, Қытай елдерінен және «Дәуір және тұлға» ғылыми жобасының мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары шақырылды.
Конференцияның ашылу салтанатында Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Ж.Т. Сайрамбаева сөз сөйлеп, шараны жүргізді. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ х.ғ.д. профессоры М.Б. Буркитбаев, «Дәуір және тұлға» ғылыми жобасының жетекшісі, Қызылорда облысындағы Қорқыт ата атындағы университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, ф.ғ.к.доцентМ.А. Бурибаева, Абылай хан ҚазХҚ және ӘТУ университетінің шетел тілдері кафедрасының доценті, TOEFL орталығының директоры, ф.ғ.к. доцент А.А. Мулдагалиева, және басқа да танымал ғалымдар өз сөздерін айтып, конференцияның маңыздылығын атап өтті.
Цифрлық технологиялардың білім беру саласындағы қолданылуын зерттеуші ғалымдар арасында Түркияның Фират университетінің PhD, профессор Ercan Alkaya және Mehmet Özeren «Çağdaş türk yazı dilleri arasındaki dil sorunları ve bunların karşılıklı anlaşmaya etkisi» тақырыбында баяндамалар жасады. Абылай хан ҚазХҚ және ӘТУ университетінің доценті, пед.ғ.к. А.А. Головчун «АВП, оның түрлері, функциялары және оқыту стратегиялары» туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, Абылай хан ҚазХҚ және ӘТУ университетінің аға оқытушысы, магистр Сери Л.Т. «Python технологияларының аудармашыларды оқытудағы маңызы» тақырыбында баяндама жасады. Абылай хан ҚазХҚ және ӘТУ университетінің магистранттары Тилеубаева М.С., Ракова Ж., Нұрзар Н. «Синхронды аудармада күйзеліс пен жұмыс жүктемесін басқару» мәселесін талқылап, Смағұлова А.С. мен Изекенова Н. «Шетел тілін оқытудағы инклюзия: Қазақстан мұғалімдерінің пікірі» жайында баяндады.
Цифрландыру тақырыбы бойынша қызықты баяндамалар жасалды, оның ішінде ф.ғ.д., Одесса ұлттық университетінің доценті Н.Г. Арефьевой «Шетелдерге арналған тілдік дайындық сабақтарында сараланған тәсілдер», ф.ғ.д., профессор Е.Н. Степановтың «Дипломатиялық мәтіндерде есептік эквиваленттілік ретінде ұғымдық концепт (Ресей мен Қытай арасындағы келісімдер негізінде)», Қытайдың Чанша қаласындағы Хунань педагогикалық университетінің ғалымы Фатех Г.Е.- «Дене категориясы ретінде көркемдік бейнелеу құралы» туралы баяндамалары және Хунань педагогикалық университетінің магистранты Ло Luo Сичэннің -«Мәдениетаралық тұрғыдан аударма зерттеу және тәжірибе» тақырыбында жасаған баяндамасы болды. Конференцияда қатысушылар тіл білімін дамытудың қазіргі парадигмалары, шетел тілдерін және мәдениетін оқытуда инновациялық технологияларды әзірлеу және интеграциялау, білім беру процесінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етуін құру, тілдік және лингвистикалық білім сапасын арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Конференция шетел тілдері мен мәдениетін оқытудағы түрлі әдістерді көрсетіп, жоғары оқу орындарының лингводидактикалық мектептері арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ ғылыми көзқарастар мен практикалық тәжірибемен алмасуға жағдай жасады. Конференция модераторы қатысушылар мен қонақтарға белсенді әрі нәтижелі жұмыс, ғылыми талқылаулар мен жылы сөздері үшін алғыс айтты. Іс-шараның қорытындысы бойынша ғылыми мақалалар жинағы жарық көреді және Web of Science халықаралық базасына қосылады.
Смагулова А.С.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
халықаралық қатынастар факультеті,
дипломатиялық аударма кафедрасының доценті
Рахимбаева Р.М.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
халықаралық қатынастар факультеті,
дипломатиялық аударма кафедрасының
аға оқытушысы
[xfvalue_img]
