Профилактикаға басымдық — СҚО-да полицейлер ҚР Президентінің бағдарламалық сөзін талқылады

Профилактикаға басымдық — СҚО-да полицейлер ҚР Президентінің бағдарламалық сөзін талқылады

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің рөліне ерекше тоқталып, олардың халық алдында мемлекеттің тікелей өкілі екенін атап өтті. Алдағы реформалар аясында полиция қызметі үшін басты бағдар — «Заң мен Тәртіп» қағидаты болып қала береді. 

Президенттің бағдарламалық сөзіндегі осы және өзге де негізгі тұжырымдарды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Абылғазы Ғабдуллин жауынгерлік және қызметтік даярлық сабақтары барысында жеке құрамға түсіндіруде. 

Сонымен қатар ұлт сапасын жаңғыртуға бағытталған әлеуметтік-құндылықтық күн тәртібінің маңызы атап өтілді. Атап айтқанда, «Адал азамат» идеологиясын ілгерілету, лудомания, нашақорлық және тұрмыстық зорлық-зомбылық секілді әлеуметтік кеселдермен күресті күшейту мәселелері көтерілді. 

Полиция полковнигі Ғабдуллиннің айтуынша, Президент тапсырмалары аясында қызметтік тәртіп бұзушылықтарға қарсы ымырасыз күрес жүргізу, қылмыстарға тек ден қоюмен шектелмей, олардың алдын алуға басымдық беру — полиция жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып айқындалды. 

Игорь Мерцалов

СҚО ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.