ҚазҰУ-ға қызығушылықты арттыру мақсатында жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысы: студенттердің табысты болашағының кепілі
Бұл жұмыс жастардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауы үшін қажетті ақпаратты ұсына отырып, олардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын ескере отырып, білім алу жолындағы шешімдерін жеңілдетеді. ҚазҰУ-дың кәсіптік бағдар беру іс-шаралары студенттерді университеттің білім беру мүмкіндіктерімен таныстырып, олардың табысты болашағын қалыптастыруға негіз боларлық мамандықтар мен оқу бағдарламаларын ұсынады. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жастардың өз білімдерін тиімді пайдалануына және кәсіби жолда жоғары жетістіктерге жетуіне ықпал етеді.
ҚазҰУ-дың кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі мақсаты – Әл-Фараби атындағы университеттің білім беру сапасы, оқу шарттары және мамандықтардың алуан түрлілігі туралы оқушыларға жан-жақты ақпарат беру. Әр жылы қабылдау науқанына әсер ететін жаңа факторлар пайда болып, оларды мектеп оқушылары мен ата-аналарына түсіндіру қажет. Оқытушылардың сабақтан тыс жұмысының маңызды бөлімі – білім беру нарығындағы бәсекелестікті ескеріп, әлеуетті талапкерлерді университетіміз туралы хабардар ету болып табылады. Кәсіптік бағдар беру жұмысы – қоғамның талаптарына сәйкес, әрбір білім алушының қабілеттері мен қызығушылықтарын ескере отырып, мамандыққа деген қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандықты саналы таңдауына көмектесетін мақсатты бағытталған жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жас ұрпаққа болашақ мамандықты дұрыс әрі саналы таңдауына мүмкіндік береді. 2024-2025 оқу жылына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес. 2024 жылғы 5 желтоқсанда Ұлттық тестілеу орталығы Алматы қаласы бойынша филиалының аға сарапшысы Әлібиева Нұрсұлу Мейрамбекқызының қолдауымен №10 ҚМУ жалпы білім беретін мектебінде, №81 мектеп-гимназиясында және №138 М.Базарбаева атындағы гимназиясында кездесу өткізілді. Сондай-ақ, Халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Рахимбаева Р.М. аталған мектептерде болды. 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында жоғары оқу орнының оқу шарттары мен сапасы, студенттердің оқу және сабақтан тыс жұмыстарының ұйымдастырылуы, сондай-ақ оқушылардың игеретін мамандықтар спектрі туралы ақпарат берілді. Оқушылар оқу орнында бюджеттік негізде оқу шарттарына ерекше қызығушылық танытты. Кездесу соңында оқушылар мен оқытушылар ЖОО өкілдеріне алғыстарын білдіріп, қажетті ақпарат алғандарын атап өтті. Кездесу табысты өтті.
Рахимбаева Р.М.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
халықаралық қатынастар факультеті,
дипломатиялық аударма кафедрасының
аға оқытушысы
Смагулова А.С.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
халықаралық қатынастар факультеті,
дипломатиялық аударма кафедрасының доценті м.а.
[xfvalue_img]