Өршіл бизнеске арналған технологиялық бұлттар
VK Cloud Қазақстанның цифрлық трансформациясын жеделдетуде
Соңғы бірнеше жылда бұлтты технологиялар Қазақстан бизнесін дамытудың ажырамас бөлігіне айналды. Өсіп келе жатқан бәсекелестік пен цифрлық трансформация қажеттілігі жағдайында шағын стартаптардан бастап ірі өнеркәсіптік алыптар мен квазимемлекеттік компанияларға дейінгі сан алуан компаниялар деректерді сақтау, масштабтау және әзірлеу үдерісін автоматтандыру үшін бұлтқа негізделген шешімдерді көбірек таңдайды. Дәл осы жерде VK Cloud жергілікті жағдайларға бейімделген, ақауларға төзімді, икемді және қауіпсіз технологияларды ұсына отырып, жетекші орынға ие болды.
"Екі жыл ішінде VK Cloud үлкен жұмыс атқарды. Біз өзімізді кез-келген көлемдегі бизнес үшін сенімді серіктес ретінде таныттық. Клиенттеріміз - банктер, стартаптар, ритейл, өнеркәсіп, мемлекеттік құрылымдар", - деді Қазақстандағы VK Tech бас директоры Арман Нұрышев.
VK Cloud жетістігінің құпиясы технологиялық артықшылықтармен қатар қазақстандық бизнес қажеттіліктерін терең түсінуінде жатыр. Компания QazCloud жергілікті провайдерімен ынтымақтасады, ал бұл Қазақстан заңнамасында белгіленген деректер қауіпсіздігі мен оны жергілікті сақтаудың қатаң талаптарына сәйкес келуге мүмкіндік береді. ISO және PCI DSS халықаралық стандарттары бойынша сертификаттау ақпаратты жоғары деңгейде қорғауға кепілдік береді, бұл әсіресе қаржы секторы мен мемлекеттік органдар үшін өте маңызды.
"VK Cloud - бұл бизнестің өзгерістерге тезірек бейімделуіне, жаңа өнімдерді шығаруына және үдерістерді оңтайландыруына көмектесетін шешімдер экожүйесі. Және ең бастысы - бұл барлық кезеңде клиенттерді қолдауға дайын мамандар тобы", - деп қосты Арман Нұрышев.
VK Cloud көмегімен қазақстандық компаниялар инновацияларды батыл түрде енгізіп, ауқымын кеңейте алады және болашаққа сенімді түрде қарайды.
«Біз екі апта ішінде көшіріп бердік және бәрі кідіріссіз жұмыс істеуде»
VK Cloud сәтті жұмысының мысалына қаржы қызметтерін ұсынатын және сенімді әрі қауіпсіз инфрақұрылымды қажет ететін Касса 24 компаниясына арналған жобаны жатқызуға болады. Бұл туралы Vk Cloud бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Тимур Айтқалиев бөлісті.
"Касса 24 алдында деректер базасын көшіру және 24/7 жұмыс істейтін сервистің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету міндеті тұрды. Қаржылық операцияларды қорғау үшін PCI DSS стандартына сай болу маңызды болды. Біздің команда бұл тапсырманы екі апта ішінде орындап шықты. Қызметтерді бұлтқа ауыстырып, бәрін оңтайландырдық, қазірде инфрақұрылым тұрақты жұмыс істеуде, Касса 24 клиенттері сапалы қызметтерді кідіріссіз алуда".
Әрбір сәтті жоба артында Vk Cloud Professional Services тобы тұр. Топ жетекшісі Дмитрий Штегельман мұның қалай басталғаны туралы әңгімелеп берді:
«Белгілі бір сәтте біз клиенттеріміздің бұлтқа көшуіне көмек қажет екенін түсіндік. Біреуінің инженері жоқ болса, енді бірінде құзыреті болмады - дегенмен бұлтты ресурстарды пайдалану керек. Біз әрқайсысы өз саласының маманы болып табылатын бес маманнан тұратын команда жинадық. Біз деректерді тасымалдаумен бірге клиент мәселесін оның бизнесі бір минутқа да тоқтамайтындай етіп шешеміз».
«Жұмысымызды сүйеміз. Клиент инфрақұрылымына еніп, шешім іздеген, үдерістерді оңтайландырған ұнайды. Әрбір жоба - бұл жаңа сын-қатер іспетті және біз оны қабылдауға дайынбыз», - деп атап өтті Дмитрий.
Болашаққа жоспар: қарқынды өсу, IT-қауымдастығын қолдау
VK Cloud 2025 және кейінгі жылдарға өршіл жоспарлар құра отырып, сенімді түрде алға ұмтылады. Компания өз клиенттеріне одан да жақын болу және олардың қажеттіліктеріне жедел ден қою үшін Қазақстанның түрлі өңірлерінде өзінің қатысуын кеңейтуге ниетті. Жоспарда жаңа дерек орталықтарын ашу, жергілікті инженерлер мен консультант командаларын ұлғайту, сондай-ақ елдің басты қалаларында қосымша қолдау орындарын құру бар.
«Біз клиенттерімізге жақын болғымыз келеді. Келесі жылы Алматыда конференция өткізуді, сондай-ақ бизнеспен қарым-қатынас жасап, олардың қажеттіліктерін талқылау үшін шағын кешкі астар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті Арман Нұрышев.
VK Cloud стратегиялық басымдықтарының бірі серіктестік желісін дамыту болып қала бермек. Компания бөлшек сауда мен қаржыдан бастап өнеркәсіп пен мемлекеттік мекемелерге дейінгі түрлі салалардан жаңа серіктестер тартуды жоспарлап отыр. Серіктестік бағдарламасын кеңейту клиенттерге олардың нақты мәселелеріне бейімделген кешенді әрі мамандандырылған шешімдер алуына мүмкіндік береді.
Білім беру бастамалары мен жас буын мамандарды қолдауға ерекше назар аударылатын болады. VK Cloud студенттерге практикалық білім мен жаңа технологияларға қол жетімділікті ұсына отырып, AlmaU және Нархоз сияқты елдің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Қазақстанның IT нарығына білікті мамандар даярлау үшін воркшоптар, тағылымдамалар мен бірлескен жобалар ұйымдастыру жоспарлануда.
Сондай-ақ, VK Cloud стартап-қоғамдастыққа қолдау көрсетуді жалғастырады - гранттар, техникалық қолдау және перспективалық жобаларға тәлімгерлік ұсынады. Акселерация және инкубация бағдарламаларын дамыту жас компаниялардың нарыққа тезірек шығып, өз идеяларын кеңейтуіне мүмкіндік береді.
Бұл қадамдар VK Cloud-тың нарықтағы өз позициясын нығайтумен бірге Қазақстанның IT-индустриясы дамуына елеулі үлес қосуына көмектеседі. Бұлтты технологиялар одан да қолжетімді болады, ал бизнес сенімді серіктеспен бірге цифрлық болашаққа батыл қадам жасай алады.
Әрбір жүзеге асқан жоба артында бұлтты шешімдер көмегімен масштабтауға, үдерістерді оңтайландыруға және қызметтерін жақсартуға мүмкіндік алған компаниялардың нақты оқиғалары жатыр. Стартаптар тез өсу үшін гранттар мен техникалық көмек алады, ал ірі компаниялар өздерінің күрделі міндеттері үшін сенімді шешімдерге ие болады.
Қазақстан бизнесінің болашағы цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. VK Cloud өз клиенттеріне қолдау көрсетіп, болашаққа сенімділікпен қарауға көмектесу арқылы дамуын жалғастыруда. Өйткені, кеш талқылаулары көрсеткендей, бұлтты технологиялар бизнесті жеңілдетіп, икемді әрі табысты етеді.
[xfvalue_img]