Ақмола облысындағы ОАӨЭЫ және Coca-Cola жобасы суару шығындарын 6 есе қысқартуға көмектесті
Қазақстан су тапшылығы бойынша Азияда 8-орында орналасқан, сондықтан қазіргі климаттық өзгерістерге байланысты Орталық Азия елдерінде су ресурстарын тиімді басқаруды реттеу аса маңызды мәселе болып отыр. Ірі бизнес осы стратегиялық маңызды мәселені шешуде қандай рөл атқарады және осы бағытта қандай қадамдар жасалды?
Орталық Азияның Өңірлік Экологиялық Орталығы (CAREC) Қазақстандағы Coca-Cola компаниясымен бірге «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – бизнестің тұрақты дамуының негізі» атты шарасында су үнемдеу мәселесіне арналған жобаларын ұсынып, өз көзқарастарын ортаға салды.
Coca-Cola Icecek (CCI) жұмыс істейтін елдердегі зауыттарының 76%-ы су тапшылығы аймақтарында орналасқандықтан, компания өзінің қоршаған ортаға кері әсерін азайту және өз қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін суды қайта өңдеу мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Компания су тапшылығы жоғары 15 аймақтардыы үш топқа жіктеп, Coca-Cola компаниясының су қауіпсіздігі стратегиясы, Дүниежүзілік ресурстар институтының су ресурстарының жетіспеушілігі жөніндегі зерттеулері, сондай-ақ жеткізу тізбегі мен корпоративтік байланыс бөлімшелерінен алынған мәліметтер негізінде өз жол картасын әзірлеуде.
Қазақстанда су ресурстарын үнемдеу жобалары фермерлік және мал шаруашылығы қожалықтарының экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталып, 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. 2023 жылдың мамырынан 2024 жылдың наурызына дейін The Coca-Cola Foundation қорының қаржылық қолдауымен Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы (ОАӨЭЫ) экологиялық бастаманы іске асырды. Бұл бастама Арнасай мен Степногорск аудандарында тозған жерлерді қалпына келтіріп, ауыл шаруашылығы қауымдастықтарын қолдауға бағытталған. Жобаның бюджеті 100 мың доллар болды. Жобаның негізгі мақсаты — ландшафттар мен су айрықтарын қалпына келтіру, фермерлерді оқыту және өңірдің экономикалық дамуына инвестициялар тарту үшін тұрақты жер пайдалану тәжірибелерін (SLM) енгізу және кеңейту.
Бұл бастама жерлерді қалпына келтіру және ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған сенімді шешімдер табуды мақсат етті. Ол табиғат үшін пайдалы экологиялық таза жұмыс әдістерін қолдап, олар қоршаған орта мен жергілікті экономикаға оң әсерін тигізеді.
2024 жылдың маусымында Coca-Cola Icecek-тің қолдауымен бұл ынтымақтастық өз жалғасын тапты – Орталық Азияның Экологиялық Регионалдық Орталығы (ОАӨЭЫ) мен «Ирригатор Қазақстан» ЖШС арасында су үнемдейтін технологияларды, атап айтқанда, тамшылатып суаруды өңірдің ауыл шаруашылығы жерлерінде енгізу туралы келісім жасалды. Жоба іске асырылғаннан кейін, Целиноград ауданының «Нива» шаруашылығының алқаптарында суды дәстүрлі суару әдістерімен салыстырғанда алты есе аз жұмсауға қол жеткізілді.
Шаруашылықтың жалпы көлемі 200 гектар, Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы кентінде, Астанадан 35 шақырым жерде орналасқан. 2 гектар және 3 гектар көлеміндегі екі жер учаскесінде беттік тамшылатып суармалау технологиялары енгізілді. Бұл суды, тыңайтқыштарды және жұмыс күшін азайтуға, топырақ эрозиясын болдырмауға және дақылдардың құрғақшылыққа төзімділігін арттыруға көмектесті.
2024 жылы 5 гектар көлеміндегі екі жер учаскесінде 3295 м3 су жұмсалды, яғни бір гектарға 659 м3 су кетті. Оны дәстүрлі түрде арықпен суармалау әдісімен салыстыратын болсақ, егіс алаңы, тәуліктік суару нормасы, өсірілетін дақыл және өсімдіктердің саны ұқсас егістікте бір гектарға 3900 м³ су жұмсалатын еді.
Мұндай табысты нәтижелер көрші шаруашылықтардың қызығушылығын туғызып, олар келесі маусымда осы технологияны енгізуді жоспарлап отыр.
Coca-Cola Icecek Қазақстандағы корпоративтік қатынастар мен тұрақты даму директоры Алима Исембаева компанияның өз бизнесін одан да тұрақты етуге бірнеше жылдан бері күш салып келе жатқанын айтты.
«Біз бұл серіктестікті бірлесе күш салып, маңызды мәселелерді шешу мен еліміздің ауыл шаруашылығын жақсарту үшін керемет мүмкіндік екеніне сенімдіміз. Жаңа әдістер мен технологияларды қолданып, алғашқы нәтижелерді көріп отырмыз. Демек, біз дұрыс бағытта келе жатырмыз», - деді Алима Исембаева.
2022 жылы Coca-Cola Icecek, Қазақстанды қосқанда, жұмыс істейтін елдерінде 2030 жылға дейін тұрақты даму мақсаттарына жетуге уәде берді. Компанияның міндеттері қаптамаларды, су ресурстарын қайта пайдалану, климаттың өзгеруі, адам құқықтарын сақтау, табиғаттың алуандығы және қоғамдағы инклюзивтілік мәселелерін қамтиды.
CCI Қазақстандағы зауыттарында суды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін жыл сайын тәуелсіз бағалау жүргізеді. 2023 жылы Түркия, Иордания, Қырғызстан, Сирия, Тәжікстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Қазақстан, Пәкістан, Ирак және Өзбекстандағы CCI компаниясының қызметі туралы интеграцияланған жылдық есепте көрсетілген мәліметтерге сәйкес, CCI өз міндеттерін орындауда жақсы нәтижелерге жетті, мысалы, су пайдалану коэффициенті 2020 жылмен салыстырғанда 2023 жылы 3%-ға төмендеді.
Coca‑Cola компаниясы 20 жылдан бері БҰҰ Даму Бағдарламасы, Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қоры, «Жасыл экономика және G-Global даму коалициясы», «Тұрақты даму мәселелеріне көмек көрсету орталығы» сияқты ұйымдармен бірге жұмыс істеп келеді. Бұл ұйымдардың суды қалпына келтіру және үнемдеу жобалары, халықаралық Coca‑Cola қорынан алған гранттардың арқасында, жыл сайын 1,8 миллиард литр суды табиғатқа қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстандағы компанияның сусын өндірісіне жұмсалатын судың көлемінен шамамен 3 есе көп. Компанияның Қазақстанның су ресурстарын қалпына келтіруге жұмсаған 1 миллион АҚШ долларынан астам инвестицияларының арқасында, соңғы 10 жылда 10 миллиард литрден астам су үнемделді.
Бүгін Coca‑Cola тұрақты даму мақсаттарына жетуге тырысып, су мен энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануда, Орталық Азиядағы экологиялық тепе-теңдікті және әлеуметтік жағдайды сақтауда маңызды рөл атқарады.
***
CCI — сусындар шығаратын халықаралық компания, ол Түркияда, Пәкістанда, Қазақстанда, Иракта, Өзбекстанда, Әзербайжанда, Қырғызстанда, Иорданияда, Тәжікстанда, Түркменстанда, Сирияда және Бангладеште жұмыс істейді. CCI газдалған және газдалмаған алкогольсіз сусындарды The Coca-Cola Company (Дзе Кока-Кола-Компани) компаниясының атынан шығарады.
CCI компаниясында 10 000-нан астам қызметкер бар, олар 12 елде 31 безалкогольді сусын құятын зауытта және 3 жеміс өңдейтін зауытта жұмыс істейді. Компания 600 миллион адамға арнап әртүрлі сусындар шығарады. Газдалған сусындардан басқа, Компания шырындар, мұздай шай, су, спорттық-энергетикалық сусындар мен кофе шығарады.
CCI акциялары Стамбул қор биржасында (BIST) «CCOLA.IS» таңбасымен сатылады.
***
«The Coca-Cola Foundation» - миссиясы Coca-Cola компаниясы жұмыс істейтін барлық елдердегі қауымдастықтардағы жағымды өзгерістерге ықпал ету болып табылатын халықаралық қайырымдылық қоры. Қор бүкіл әлем бойынша суға тұрақты қолжетімділік, климаттың өзгеруі, айналмалы экономика, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту, дүлей апаттарды алдын алу және жою сияқты жаһандық сын-қатерлерді шешуге ұзақ мерзімді және елеулі үлес қосатын ұйымдар мен жобаларды қаржыландырады. Дүние жүзі бойынша осы салалардағы бастамаларды қолдау үшін Қор 1984 жылы құрылғаннан бері 1,5 миллиард доллардан артық сомаға гранттар бөлді.
Қор туралы толық ақпарат https://www.coca-colacompany.com/social/coca-cola-foundation сайтында қолжетімді.
[xfvalue_img]
1 пікір