eGov.kz порталында автокөлік тарихын тексеру сервисі қолжетімді болды
Қазақстандықтарда eGov.kz порталында «Көлік тарихы» сервисінің көмегімен автокөлікке иелік ету тарихы туралы барлық ақпаратты тексеру мүмкіндігі пайда болды. Сервис пайдаланушыларға сатып алудың алдында көліктің тарихын тексеруге көмектеседі.
Сервисті енгізу пайдаланушыға әлеуетті сатып алу туралы қосымша ақпаратпен танысуға көмектеседі және сәйкессіздіктер туындаған жағдайда бірқатар проблемалардан сақтайды. Тексеру үшін әлеуетті сатушыдан көліктің мемлекеттік нөмірін және техникалық паспорт нөмірін білу қажет.
«Көлік тарихы» сервисі төмендегі ақпаратты ашады:
- автомобиль маркасының атауы және шығарылған жылы;
- қозғалтқыштың көлемі, шанақтың түсі және қосымша орнатылған жабдықтың болуы;
- ҚР аумағында автокөлікті алғашқы тіркеу күні;
- меншік иелері туралы дербес деректерді көрсетпей-ақ, автокөлікті қайта тіркеу күндері бар алдыңғы иелердің жалпы саны;
- көлік құралына кепілдің немесе ауыртпалықтың болуы.
Автокөлік туралы ақпарат алу үшін пайдаланушыға:
- eGov.kz порталына кіру, «Көлік тарихы» сервисіне өтіңіз;
- «автомобильдің мемлекеттік нөмірі (МТНБ)» және «Автокөлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірі (КҚТК)» енгізілсін;
- автомобиль туралы ақпаратпен танысыңыз.
Сервис ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске қосылды.
[xfvalue_img]