Маңғыстау облысында 182 мыңнан астам жеке тұлға жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларация тапсырды
Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталды. Ағымдағы жылы облыста активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясын (250.00-нысан) алғаш рет 71,5 мыңнан астам басшылар, заңды тұлғалардың құрылтайшылары, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынды.
Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 – нысан) өңірде 111 296 жеке тұлға табыс етті, олар 2023 жылы 250.00-нысанды кіріс декларациясын тапсырды.
Бұл ретте декларациялардың 100%-ы электрондық түрде ұсынылды.
Айта кету керек, егер азаматтар декларациядағы мәліметтерді қате немесе толық көрсетпесе, онда олар үш жыл ішінде активтер мен міндеттемелер туралы «қосымша» декларацияны ұсына алады.
2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынғаннан кейін, 2025 жылдан бастап бұл тұлғалар жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) ұсынуға тиіс екендігіне назар аударамыз.
[xfvalue_img]